{metadescription}
-30: Шығыста қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды
-30: Шығыста қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды

-30: Шығыста қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар күтпеген жерден демалысқа шықты. Күннің күрт суытуына байланысты шенеуніктер осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. Қазір өңірде ауа температурасы минус 30 градусқа түсіп кетті.

Әзірге Риддер қаласы мен Шемонаиха ауданының бастауыш сынып оқушылары ғана сабақтан босатылды. Күн райы қыс басталмай жатып еліміздің шығыс өңірін қыспаққа алып жатыр. Алдымен аймақ жұртын боран әбігерге салса, енді аяз елді дірдектетіп тұр. Түнде Шемонаиха ауданында сынап бағанасы минус 27-ні көрсетсе, Риддерде 30-ға бір-ақ түскен. Алайда синоптиктер бірер күнде ауа райы жылынады деген болжам айтады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде