{metadescription}
Темірлан Ықсанғалиев самбодан әлем чемпионы атанды
Темірлан Ықсанғалиев самбодан әлем чемпионы атанды

Темірлан Ықсанғалиев самбодан әлем чемпионы атанды

Самбодан Румынияда өткен әлем біріншілігінде қазақ балуандары жалғыз алтынды қанағат тұтты. Тек әскери самбодан алдарына жан салмаған спортшыларымыз нәтижелі өнер көрсетті.

80-ге жуық елдің балуандары бақ сынаған әлемдік жарыста Қазақстан құрамасы ел қоржынына екі алтын, бір күміс, үш қола жүлдені салды. Медальдардың басым бөлігі  әскери самбодан сынға түскен отандастарымыздың еншісінде. Нұргелді Қиялбеков финалға дейін қамшы салдырмай, күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал Нүркен Домбаев пен Серікжан Түсіпов қолаға қол жеткізді. Алтын жүлдені Темірлан Ықсанғалиев жеңіп алды. Әйелдер арасында Гүлнұр Ерболова ғана жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал самбо күресінен жалғыз әрі маңызды медальді балуанымыз Нұрбол Серіков алды. Қарсыластарын қапыда қалдырған Нұрбол алтынмен апталып, әлемдік додада көк туымызды желбіретті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде