{metadescription}
«Күйзелісте жүрді»: Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген  үндістандық студенттің соңғы күндері жайлы достары айтып берді
«Күйзелісте жүрді»: Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген  үндістандық студенттің соңғы күндері жайлы достары айтып берді

«Күйзелісте жүрді»: Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген үндістандық студенттің соңғы күндері жайлы достары айтып берді

Алматыда үндістандық студентті өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел қамауға алынды. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде білім алған Кумар Хемант қала ішінен бір түнге пәтер жалдап, ұсталған келіншекпен бірге көңіл көтерген деседі. Таң алакеуімде жараланған студентті пәтер иесі көріп, жедел жәрдем шақыртыпты. Алайда, қансыраған Үндістан азаматы ауруханада тілге келместен жан тапсырды.

-Қанды оқиға 9 қарашада осы пәтерде болған. Үндістандық студент бұл пәтерді бір түнге жалға алыпты. Қазір қылмыс болған жерде қан іздері сол күйі тұр. Ал, өз аяғымен үйге кірген студентті таңертең пәтер иесі қансыраған күйі тауып, бірден полиция мен жедел жәрдем шақыртыпты.

Алайда денесі бірнеше жерден тілгіленген 23 жастағы Кумар Хемант тілге келместен ауруханада көз жұмды. Көпқабатты үйдің тұрғындары жантүршігерлік оқиғаны естіп, жағаларын ұстап отыр.

Дина Шәмілова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Балалар бар өсіп келе жатқан. Ол қыз педофил ма, кім біледі? Пәтер берушілерді ешкім тексермейді. Заңсыз жұмыс істейді.

Үндістанның Бхаратпур қаласының тумасы Кумар Хемант Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетітінің 3-курсында оқыған. Халықаларық медицина факультетінің ақылы бөлімінде білім алған шетел азаматы үлгерімі нашар болып, 2 жыл қатарынан бір курста оқыпты. Ал оған университет жатақхана бермеді деген ақпаратты білім ордасы теріске шығарды.

Марина Тян, Қазақ ұлттық медициналық университеті коммуникация басқармасының басшысы:

-Ол студент ешқандай өтініш білдірген жоқ. Тек бірінші курста жатақханада тұрды. Екінші курстан бастап ол жеке пәтерде тұрған. Қазір біз елшілікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Университет көмек көрсетеді.

Курстастары Кумарды ешкімге зияны жоқ, қой аузынан шөп алмас момын жігіт еді деп еске алады. Сондай-ақ, отандастары оның соңғы уақытта күйзелісте жүргенін жеткізді.

Рави Сингамалла, К. Хенманттың курстасы:

-Оның мұндай оқиғаға тап болғанын бірінші рет естідік. Оқу үлгерімі нашарлап, бір жылға қалып қойғанда, күйзеліске түскені есімде. Өзімен-өзі жүретін еді.

Ал көпқабатты үйде орнатылған бейнебақылау камерасы көмегімен тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай күдіктіні құрықтады. Ұсталған әйел марқұммен бірге көңіл көтеріп, ішімдік ішкен көрінеді. Түнде бірге болған екеуінің арасында жанжал туындап, күдікті үндістандық азаматқа белгісіз затпен тап берген.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция депатртаментінің ресми өкілі:

-Осы қылмысқа қатысы бар күдікті бір сағаттың ішінде ұсталды. Ол 31 жасар Түркістан облысының тумасы. Алматыға нан табуға келген азаматша екен. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Қамауға алынған келіншектің жүріс-тұрысы қандай болғаны тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, кемі 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал болашақта дәрігер мамандығын алуы тиіс Кумар Хеманттың мәйіті ертең туған елі - Үндістанға жөнелтіледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде