{metadescription}
Қытайдың фармкомпаниялары шығаратын дәрілер сатылымнан алынып жатыр
Қытайдың фармкомпаниялары шығаратын дәрілер сатылымнан алынып жатыр

Қытайдың фармкомпаниялары шығаратын дәрілер сатылымнан алынып жатыр

Еліміздегі дәріханаларда еркін сатылып келген  препараттардың  адам денсаулығына аса қауіпті екені анықталды. Қытайдың фармкомпаниясы шығаратын қан қысымы жоғары адамдарға арналған 3 дәріні Денсаулық сақтау министрлігі сатылымнан мүлдем алып тастамақшы.

Отандық дәріханаларда "Вазар", "Нортиван", "ВазарН" сатуға тыйым салынады. Бұл препараттардың құрамында валсартанның белсенді  қоспасы бар  екен. Оны ұзақ уақыт ішсе, қатерлі ісік тудырады дейді мамандар. Министрлік бұл дәрілердің қауіпті екенін енді біліпті. Ал жүрек-қантамыры дертіне шалдыққандар қара тізімге енген препараттарды тұрақты пайдаланып келген. Оны бірден тоқтатуға да болмайды. Шенеуніктер дәрігердің кеңесімен балама дәрілерге  ауысуға шақырып отыр. 

Мәлік Әбдірахманов,  ДСМ Фармацептикалық бақылау және мониторинг орталығы басшысының орынбасары:

-Қазір дәріханалардан қауіпті препараттар жаппай алынып жатыр. Бұл өзгерістің адамдарға  аса зияны тимейді. Дәрігерлерді де ескерттік. Науқастар міндетті түрде ақ халаттылармен кеңесіп шешім қабылдау керек. Бұл препараттардан біз ғана емес, еуропалықтар да  бас тартты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде