{metadescription}
Назарбаев астаналық биржаны әйгілі  Уолл-стритке теңеді
Назарбаев астаналық биржаны әйгілі  Уолл-стритке теңеді

Назарбаев астаналық биржаны әйгілі  Уолл-стритке теңеді

Бұрын теледидардан ғана көретін дүние біздің елге де жетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысын ресми түрде бастап берді. Мұнда енді мемлекеттік және жекеменшік компаниялардың құнды қағаздары саудаға шығарылады. Ал ірі ұлттық  компанияларды жекешелендіру үшін Астана биржасы оңтайлы сауда алаңы болмақ.

Елорданы Орталық Азиядағы қаржы орталығына айналдыру керек. Эксподан кейін мына ғимаратта қаржы орталығын ашудың түпкі мақсаты осы. Бүгінде Астана қаржы орталығының құзіретіне 88 компания тіркелген. Оның ішінде Гонконгтың екі ірі брокерлік компаниясы орталықтың мүшесі деп танылып үлгерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Орталық Азияның барлық елі осы орталықтың қызметін пайдалана алады. Бұл орталық Астананың жаңа қаржы орталығы деген дәрежесін қалыптастырды. Бұрын Уолл-стриттің жүгіртпе жолдарын теледидардан көретін едік, сол Қазақстанға келді. Енді өз жерімізде отырып-ақ көретін боламыз. Астана қаржы орталығының биржасындағы бірінші сауданы ашық деп жариялаймын.

Гонг соғылғаннан кейін ең алғаш болып «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының қарапайым акциялары биржада сатыла бастады. Ол бекер емес. Әлемдегі уран өндірісінің 20 пайызын алып отырған нөмірі бірінші компания. Сондықтан оның акциясына шетелдіктер көп қызығады. Сөйтіп сауда да басталды. Электронды тақтадағы мына қызыл сандар саудаға шығарылған акциялардың бағасы. Ал жасыл түстілер сатып алғысы келетіндердің ұсынған бағасы.

-Мәліметтер тақтасына қарайтын болсақ, «Қазатомөнеркәсіптің» бүгінгі саудада бір акциясы 4750 теңге тұрады. Яғни, 4 жарым мың теңгесі бар әрбір адам ірі компанияның иегерлерінің бірі бола алады деген сөз. Алайда, акционер атанудың да өз тәртібі бар. Ол үшін брокелік компанияның қызметіне жүгінуге тура келеді.

Өйткені акция, облигациялардың саудасы қалай жүретінін екінің бірі түсіне бермейді. Тіпті, саудаға қатысу үшін қаржы орталығына келіп те керегі жоқ. Брокерлік компаниялардың мобильді қосымшаларын телефоныңызға орнатып алсаңыз, құнды қағаздар нарығы көз алдыңызда құбылып жатады. Ал акционер болу үшін былай істеу керек.

Талғат Қамаров, брокерлік компания басшысы:

-Сіз брокерге хабарласып, қор нарығында сауда жүргізу тәртібімен танысып, есепшот ашып, оған ақша құю керек. Сосын құнды қағаздарды сатып алу жөнінде тапсырыстар берсеңіз болады. Бір акция немесе миллион акция сатып алсаңыз да өз еркіңіз. Тек қаражатыңыз жеткілікті болу керек.

1995-1999 жылдары елімізде жекешелендіру қарқынды жүрген еді. Қазір де мемлекеттің экономикадағы үлесі 15 пайыздан аспау керек деген ұстанымы бар. Сол үшін алдағы уақытта «Қазақтелеком», «ЭйрАстана», «Қазмұнайгаз» және басқа да ірі ұлттық компаниялардың құнды қағаздары саудаға шығарылмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.