{metadescription}
Қарағандыда өрттен 3 адам тірідей жанып кетті
Қарағандыда өрттен 3 адам тірідей жанып кетті

Қарағандыда өрттен 3 адам тірідей жанып кетті

Қарағандыда жер үйлердің бірінен өрт шығып, 3 адам тірідей жанып кетті. Опат болған әжесі мен қызын және 6 жастағы немересін ешкім құтқара алмаған.

Баспанадағы өрт күндізгі сағат төрттен аса тұтаныпты. Қаланың шетінде үйлері шашырап салынған жер болғандықтан, көрші қолаң өртті кеш байқаған. Ал үйіне жұмыстан келген отағасы, тілсіз жауды өзі ауыздықтауға тырысқан. Алайда 70 шаршы метрді шарпыған қызыл жалын дес бермепті. Өрттен үйдің төбесі де опырылып түскен. Содан кейін ғана өрт сөндірушілерге хабар берілген. Құтқарушылар баспанадан өлі денелерді ғана алып шықты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Асыл Жүнісова, көршісі:

-Үшеуінің денесін біздің көзімізше алып шықты. Қарауға әрең дәтім барды. Денелері жанып кеткен. Жақсы адамдар еді. Балаға обал. Өрт  біздің шатырымызды да шаршыды. Енді оны қалай жөндейтінімді білмеймін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде