{metadescription}
Таразда қауіпті құс еті сатылып келген
Таразда қауіпті құс еті сатылып келген

Таразда қауіпті құс еті сатылып келген

Таразда ірі сауда орындарының бірінде адам өміріне қауіпті құс еті сатылып келгені анықталды. Еркін саудада жүрген АҚШ-тан жеткізілген үйрек етінің құрамынан сальмонелла анықталған.

Бұл бактерияның адам ағзасына қауіпті екені анық. Мұндай сорақылықты тұтынушылар құқығын қорғау мекемесі анықтаған. Ал зиянды өнім «Береке» сауда орнынан табылды. Құрамында зиянды бактериясы бар тауардың қаншасы қолға өтіп кеткені белгісіз. Дүкен иесі енді бар болғаны әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлейтін болды. Ал бет жүзін көрсеткісі келмеген сауда нысаннының қожайыны күдікті үйрек етін базардан алдым деп ақталды. Әрі бар болғаны 13 келі болатын дейді. Қазір мамандар америкалық үйректің етін тасымалдаушыны іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, қаладағы барлық дүкендер қатаң тексерілмек.

Гауһар Көбеева, Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:  

-Мұндай өнімді қолдану жағымсыз әсерлерге алып келуі мүмкін. Атап айтқанда, тамақтан улануға. Себебі сальмонелла бактериясы жүрек айнытып, құстырып, әлсіздікке душар қылады, диарея, іш ауыртады, уақыт өте келе адамның жағдайы нашарлайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.