{metadescription}
Қасымов пошта арқылы жіберілетін есірткінің жолын кеспек
Қасымов пошта арқылы жіберілетін есірткінің жолын кеспек

Қасымов пошта арқылы жіберілетін есірткінің жолын кеспек

Елімізде есірткінің  тізімі көбеюі мүмкін. Ішкі істер министрі тыйым салынған  заттардың атауын қайта қарап шығып,  тіркеуге алынғандардың қатарын  жаңартпақ. Әйтпесе, астыртын есірткі бизнесімен айналысып жүргендерді ұстау қиындап кеткен.

Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:

-Ең бірінші бізге синтетикалық заттар Ресей,  Қытай, Еуропадан келеді. Көбісі  поштамен келеді. Содан кейін ақшасын киви кошелкпен төлейді. Тек қана сатып алған адамды ұстаймыз.

Полицейлер биыл есірткі саудасына қатысты 125 іс қозғапты. Бірақ  89 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Себебі олар сатқан зат біздің елімізде тыйым салынған тізімде жоқ болып шыққан. Ал оңай олжаға әбден құныққандар ұнтақтардың формуласы мен атын ауыстырады да тауарын  алаңсыз сатып жүр. Сондықтан, Қасымов естіркінің тізімін қайта қарайық  деп отыр. Және Ұлттық банк пен Қаржы министрлігіне   жасырын төлемге  тыйым салуды ұсыныпты. Мәселен, елімізде «киви әмиянмен»  240 мың теңгеге дейін сауда жасауға болады. Қазір Ішкі істер министрлігінің бұл өтінішін Үкімет  талқылап жатыр екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.