{metadescription}
Астанадағы оқушылар сарайы цирк әртісі Мұтырғановтың шағымына жауап берді
Астанадағы оқушылар сарайы цирк әртісі Мұтырғановтың шағымына жауап берді

Астанадағы оқушылар сарайы цирк әртісі Мұтырғановтың шағымына жауап берді

Әйгілі цирк әртісі Кәрім Мұтырғанов Астанадағы оқушылар сарайының директорына өкпелі! Бас қалаға былтыр «сиқыршылар» үйірмесін ашу үшін шақыртылған атақты клоун арада бір жыл өткенде білім ордасына керек болмай қалыпты. Фокусшы мұны оқушылар сарайына жаңа директордың келуімен байланыстырып отыр.

Астанадан үйірме ашу туралы ұсыныс түскенде Кәрім Мұтырғанов қуана қабыл алыпты. Сөйтіп, былтыр бәрін тастап Алматыдан бас қалаға қоныс аударған. Атақты клоун оқушылар сарайында «сиқыршылар» үйірмесін ашады. Мұнда бір жыл бойы ұл-қыздарды цирк өнеріне үйреткен әртіс, жаңа директор келгелі жұмыс істеу мүмкін болмады дейді.

Кәрім Мұтырғанов, цирк әртісі:

-Директор ауысқалы түрлі түсінбеушіліктер болды. Алдымен, жалақым екі есеге қысқарды. Яғни, бұрын 100 мың теңгеден артық алып жүрсем, кейін айлығым 46 мың теңгеге дейін қысқарды. Мені де, үйірмемді де қажет қылмай, шеттеткендей болды. Мен шыдамай арыз жазып өз еркіммен жұмыстан кеттім.

Өз еркімен жұмыстан шыққан Мұтырғанов қазір өзінің мектебін ашып үлгерген. Мұнда 20-ға жуық оқушыны жанглерлік шеберлік, моноциклмен жүру секілді клоундық өнерге баулып жүр. Ал, Оқушылар сарайының жаңа директоры болса, жарты жыл бұрын тағайындалған. Ербол Іргебайдың айтуынша, әйгілі цирк әртісін, сыйғызбай, қудалаған ешкім жоқ.Ал, жалақысының қысқаруына үйірмесіне келетін оқушылардың азайып кетуі себеп дейді.

Ербол Іргебай, Оқушылар сарайының директоры:

- Үйірме қажет емес деп жауып тастаған жоқпыз. Мәселе сол балаларды  жинауда болып тұр ғой. Ал, енді біреудің үйірмесіне біреу бала жинап бермейді ғой. Сиқыр үйірмесін мен өткізбеймін ғой.

-Яғни, бала аз болған соң, алатын ақшасы аз болған?

-Әрине. Егер онда екі немесе үш бюджеттік тобы болса, сағаты да ақшасы да көп болады ғой.

Яғни, атақты клоун Оқушылар сарайында аптасына небары екі сағат қана сабақ берген екен. Соған қарамастан айлығын өсіруді талап еткен.

-Осылайша, Оқушылар сарайының директоры, Кәрім Мұтырғановтың не үшін даурығып жүргенін түсінбей отыр. Тіпті, өз еркімен арыз жазып кеткен оны қайтадан жұмысқа алуға дайынбыз дейді. Бірақ, жаңа басшыдан қысастық көрдім деген цирк әртісі, енді талантты ұл-қыздарды тек өзінің мектебінде оқытпақшы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде