{metadescription}
Жаңа латын әліпбиімен диктант жазғандар неден қиналды?
Жаңа латын әліпбиімен диктант жазғандар неден қиналды?

Жаңа латын әліпбиімен диктант жазғандар неден қиналды?

Латын тіліндегі алғашқы диктантты жазуға бір жарым миллион қазақстандық қатысты! «Рухани жаңғыру» деп аталатын диктант мәтіні әлеуметтік желілер және радиостанциялар арқылы таратылып,  90 сөзден тұратын жазба жұмысын орындауға жарты сағат уақыт кетті.

Гүлнәр Сабырова, Атырау қаласының тұрғыны:

 - Үш рет мәтін оқылды. Біз сол мәтінге, сол алфавитке қарап отырып, өзіміз бар білгенімізше жаздық толықтай.

Атырау облысы бойынша 80 мыңға жуық тұрғын диктант жазамыз деп партаға отырған.  Ұйымдастырушылар олардың кем дегенде 60 пайызының тапсырманы орындай алатынынан үмітті екендігін айтып отыр. Дегенмен, бүгінгі бұл шара диктантқа ұқсай қоймады. Өйткені, қатысушылардың көпшігі латынды әлі игеріп үлгермесе керек, мәтінді алдын ала жазылған қағаздан немесе телефоннан көшіріп әлек болды. Сондай-ақ, жалпыхалықтық диктантқа 2000-ға жуық  керекулік студент пен оқытушылар да атсалысты. Жалпы әр өңірде 80 мыңға жуық адамды қамту жоспарланыпты. Ал, Ақтөбеде олардың саны 100 мыңға жуықтады. Оқушылар мен студенттерден бөлек, дәрігерлер де жаппай қатысуға өтініш білдірген. Медицина қызметкерлері латын әріпімен диктант жазу қиын болмағанын айтады.

Гүлнәр Қожахметова, дәрігер:

- Латын әрпі бізге таңсық емес. Әліппені біз бұрынғы студент кезімізден оқыған және де осы қызметімізде пайдаланып жүргендіктен диктант жазу бізге қиындыққа соққан жоқ. Бәріміз белсенді қатыстық. Бүкіл әріптестердің барлығы жұмысынан ерте келіп, сол диктант жазуға өздерінің білімдерін тексеріп көрді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде