{metadescription}
Павлодарда мақтаулы қос дәрігер төбелесіп қалды
Павлодарда мақтаулы қос дәрігер төбелесіп қалды

Павлодарда мақтаулы қос дәрігер төбелесіп қалды

Павлодарда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен қалалық аурухананың бас дәрігері төбелесіп қалды. Дәл басқарма ішінде жұдырықтасқан ақхалатталардың екеуі де қазір ауруханада жатыр.

Оқиға мына залда өткен жиналыстан соң болған. Әріптестерінің сыртқа шығып кеткенін күткен қос дәрігер алдымен сөзге келіп, артынша жұдырықтаса жөнелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасы Нариман Шахмардановтың миы шайқалса, қалалық  №3 аурухананың бас дәрігері Мәрлен Ахметовтың көзілдірігі сынып, қабағын тіліп кетіпті. Ал бейресми дерек бойынша, медиктердің арасындағы дау өткен сенбіде қалалық ауруханада басталған. Сонда жатқан туысының жағдайын мезгілсіз уақытта білуге келген Шахмарданов өзін ішке кіргізбей қойған кезекшіге ренжіп, мұны аурухананың бас дәрігеріне хабарлапты. Сол шағымының арты дауға ұласқанға ұқсайды. Орын алған бұл жайтқа қатысты қазір арнайы комиссия құрылып, тексеріс бастаған. Ал болған жайттан шошып қалған әріптестері олардың бұл қылығы үшін ұялып отыр.

Роза Жүсіпова, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Нариман Жақсылықұлының миы шайқалған. Мәрлен Нариманұлының енді көзілдірігі сынып енді қабағына жарақат келді. Енді қазіргі кезде түгел көмек, жағдай жасалып жатыр. Төніп тұрған қауіп жоқ денсаулықтарына.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде