{metadescription}
Депутат екі елдің  азаматтығын алғандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті
Депутат екі елдің  азаматтығын алғандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Депутат екі елдің  азаматтығын алғандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Берік Дүйсенбинов  Бас прокуратурадан  Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер,  заңгер мен адвокаттарды  тексеріп,  қолында қос төлқұжаты  барларды қатаң жазалауды сұрады.

Өйткені қос азаматтық алған  адамдар аса қауіпті. Олар қай елдің сойылын соғып жүргенін ешкім білмейді, -  дейді депутат. Қазір елімізде екі азаматтығы бар 527 адам бар екен. Көбісі Ресей азаматтығын алғандар. Арасында мемлекеттік қызметкерлер де болуы әбден мүмкін. Қазақстанда қос паспорт ұстаған  қатардағы адамға 480 мыңға дейін, ал мемлекеттік қызметкерге 720 мыңнан астам теңге айыппұлмен оңай құтылып жүр. Мәжілісменнің пікірінше, қарапайым жұрт зейнетақы, әлеуметтік төлемдерге қызығып қос азматтық алуы мүмкін, ал мемлекеттік қызметкерлердің сатқындығына  кешірім болмауы тиіс.

Берік Дүйсенбинов, Мәжіліс депутаты:

- Заң бұзған мемлекеттік қызметкердің  әрекеттерін - қосмекенді бақа-шаянның қылығы деп түсінеміз. Мемлекеттік қызметкерлердің, адвокаттардың,  сот орындауышлардың, сондай-ақ,  билік өкілі қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың  қос азаматтығы бар-жоғына  тиісті тексеру жүргізуді, жоғарыда аталған азаматтарға қос азаматтығы үшін қылмыстық жауап  енгізуді қарастыруды жауапкершілікке тартуды сұраймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде