{metadescription}
Астанада мектепті бомбалап тастаған оқушы 6 жылға сотталуы мүмкін
Астанада мектепті бомбалап тастаған оқушы 6 жылға сотталуы мүмкін

Астанада мектепті бомбалап тастаған оқушы 6 жылға сотталуы мүмкін

Астаналықтарды "бомба қойылды" деген суыт  хабар тағы дүрліктірді. Таңғы сағат сегізде белгісіз біреу  №22 мектептің күллі көкке ұшады деп телефон шалған.  

Содан  бірнеше минуттың ішінде екі мыңға жуық адам яғни  оқушылар ұстаздар мен басқа да мектеп қызметкерлері дереу сыртқа шығарылған. Оқиға орнына шұғыл құтқару қызметтері жетіп, полицейлер ғимарат ішін, шатыр мен жертөлені  түгел тінтіп шықты. Бірақ  жарылғыш зат табылған жоқ. Сөйтсе  жау алыстан келмеген екен.  Жалған ақпаратты таратқан осы №22 мектептің 8-ші сынып оқушысы болып шықты. 15 жастағы бала құтқарушылардың қаншалықты жедел әрекет ететінін тексермек болыпты. Енді  қылжақбастығы үшін 6 жылға дейін сотталуы мүмкін. Себебі заң бойынша елімізде 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартыла береді.

Ботагөз Жүнісова, мектеп директоры:

- Әкімдік  автобус жіберді бізге. Онда бастауыш сыныптың балалары отырды ата-аналарын күтіп. 8-11 сыныптың балалары үйлеріне кетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.