{metadescription}
Ақтөбеде бір отбасы тергеушілердің кесірінен өз үйіне түнеуден қорқады
Ақтөбеде бір отбасы тергеушілердің кесірінен өз үйіне түнеуден қорқады

Ақтөбеде бір отбасы тергеушілердің кесірінен өз үйіне түнеуден қорқады

Олардың айтуынша, тәртіп сақшылары Амангелді Әйтешевке ұлынан айырылған жол апатына өзінің кінәлі екенін мойындатпақшы екен. Бірақ бұған дейін сот оны ақтап шығып, істі қайта тергеуге жіберген.  Енді полицейлер баспанамызға күнде тінту жүргізіп, себепсіз келе беретін болды,-дейді. Онсыз да қайғы жамылған шаңырақтың мазасын қашырған қызыл жағалылардың әрекетін енді прокуратура бақылауға алып отыр.

Әйтешевтер отбасы өз үйлерінен өздері безіп жүр. Олар ұры-қарыдан емес, полиция қызметкерлерінен қорқады. Сөздерінше, тәртіп сақшылары мазаларын қашырған. Күн сайын келіп, бір тінтіп кетеді екен.

-Исмурзин, шығыңдаршы. Шық, шық...

-Әбден бұлардан қорқып қалғанбыз ғой.

Тергеушілер өз ұлының өліміне әкесі Амангелді Әйтешевті кінәлап жүр. Анығырақ айтсақ,  ол тізгіндеген көлікті такси келіп соққан. Соның салдарынан екіге толмаған бөбегі шетінеп, үлкен ұлы мен келіншегі жарақат алған. Тәртіп сақшылары отағасын күдікті деп танып, істі сотқа жеткізгенімен, ол ақталады.

Амангелді Әйтешов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Баламның өліміне мені кінәлі қылып жатыр. Бұл жерде мықты коррупция жүріп тұр. Өйткені ана қарсы бағыттағы жүргізушінің  балдызы сол жақта тергеуші болып істейді екен Қандыағашта.

Онсыз да қара жамылған отбасының мазасын қашырған тергеушілердің ісін прокуратура тексеріп жатыр.

Жасұлан Дәулембаев, Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі:

-Бұл азамат облыс прокуратурасына шағымданған болатын. Бүгінгі таңда ол шағым қаралуда. Қылмыстық іс тергелуде. Нәтижесі бойынша барлық уәждер тексерілетін болады.

-Жол апатына қатысты іс қайта қозғалған.  Арты шуға айналған соң оны  жергілікті  тәртіп сақшылары емес, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қарап жатыр. Тексеруге Астанадағылардың араласқанына Әйтешовтер де қуанып отыр. Оқиғаның ақ-қарасын солар шешіп берер деген үмітте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.