{metadescription}
Батыста жол апатына кінәлі жылқылардың иесі іздестіріліп жатыр
Батыста жол апатына кінәлі жылқылардың иесі іздестіріліп жатыр

Батыста жол апатына кінәлі жылқылардың иесі іздестіріліп жатыр

Өткен түні Орал және Ақсай аралығындағы тас жолда жүйткіген көлік оқыстан атып шыққан аттармен соқтығысқан болатын. Салдарынан 6 жылқының 5-і өліпті.  

Трасса қызыл қанға боялып, жануарлар етті мүшелегендей бұтарланып қалған. Абырой болғанда көліктегі жолаушылар дін аман. Куәгерлер тұяқтылардың кенеттен жолға шыға келгенін айтады. Қазір полицейлер арам қатқан Қамбар ата түлігінің иесін іздестіруге кіріскен. Себебі, заң бойынша үй жануарларын түнде қараусыз жіберуге тыйым салынған. Бірақ, тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарына қанша ескертсек те түк нәтиже жоқ дейді.

Кенжебек Құспаев, БҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары:

-Анықталғаннан кейін жылқылардың иелері ҚР әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 315 бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке артылады. Сонымен қатар, материалдық шығынды өндіру жөнінде автокөлік иесі азаматтық түрде сотқа жүгіну керек болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде