{metadescription}
"Мұндай құрметтің керегі жоқ": Ашынған аналар алтын алқадан бас тартты
"Мұндай құрметтің керегі жоқ": Ашынған аналар алтын алқадан бас тартты

"Мұндай құрметтің керегі жоқ": Ашынған аналар алтын алқадан бас тартты

Алматы облысында алтын алқадан бас тартқан аналарға қатысты дау ушыға түсті! Марапаттың орнына, баспана даулаған әйелдерді әкіммен кездесуге шақырып алған қоғамдық ұйым басшылары күтпеген жерден олардың өздерін жерден алып жерге салды. Атап айтқанда, кейбірінің некесіз бала тапқанын бетіне басты. Көптің көзінше көпбалалы аналардың жеке басына тиіскендерге қой дейтін жан табылмады. Керісінше, басшылар алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ деп шорт кесті.

Бұл 15 жылдан бері үй кезегі жылжымай, көзі жасқа толған көпбалалы аналар. Кеудесін кернеген ызадан бәрі бірауыздан алтын алқадан бас тартып, әкімге қайтарған. Шу шығып өршіп кетпесін деді ме, Талдықорған басшысы аналарды қайтара кездесуге шақырып алды. Үйден үмітті жандардың бірі қалмай бәрі жетіп барған. Алайда, жұрт жақсылық күткен жиынның соңы қып-қызыл жанжалға ұласты. Шенділер бастаған қоғамдық ұйым басшылары әйелдердің адалдығына күмән келтіріп, некесіз бала тапқандарын бетке басты.      

-Неге өмірімізге араласасыздар? Айтыңыздаршы! Не үшін? Мен де ажырасып кеткенмін! Не үшін деп сұраңыздаршы ал? Кім біздің сөзімізді сөйлейді? Кім түсінеді бізді? Онсыз да ішіміз күйіп барады!

Көптің көзінше көпбалалы аналардың жеке басына тиіскенде Талдықорған әкімі  «тәйт» деген жоқ. Керісінше, алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ деп шорт кесті.

Дастан Шалтабаев, Талдықорған қаласының әкімі:

-Көп отбасылы аналарға үй салу жайында  қарап көреміз. Ал бүгінгі күні менің сіздерге беретін 150 шаршы метрлік  үйім жоқ.

Көп балалы отбасыларға үй табылмаған Талдықорғанда дегенмен баспана бағдарламасы жүзеге асуда екен. Бірақ, тек әкімнің қарамағындағыларға ғана беріліп жатқан.

Айнагүл Тоқпанбетова, көп балалы ана:

-Бұндай  құрметтің керегі жоқ. Сайтында 130 боп тұрмын. Ал ЦОН-ға барам 258-ші боп тұрсың дейді. Кейін өз қолдарымен түзеп берді.  

Кезекті қаламмен түзегендер кездесуде мардымды жауап қайтара алмады. Әдеттегідей, бәрін тексеріске ығыстырып қоя салды. Ал қазақтың санын көбейтіп, ұрпақ жалғасына үлес қосқан аналар құр қол қайтты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.