{metadescription}
«Астарлы ақиқат»: Жыланың сорпасынан дәм татқан кім?
«Астарлы ақиқат»: Жыланың сорпасынан дәм татқан кім?

«Астарлы ақиқат»: Жыланың сорпасынан дәм татқан кім?

«Астарлы ақиқат» эфирге қайта оралды. КТК арнасында жаңа ток-шоу тұсауын кеседі. Осыған дейін көрермен көзаймына айналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді жаңа форматпен шықпақ. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды.

Мұнда қуаныштан гөрі мұң көп. Бұл жерде күлкіден гөрі өксіген дауыс жиі шығады. Бұл «Астарлы ақиқаттың»- алаңы. Шындық қашан да ащы. Ал, оны көп алдына жайып салудың салмағы екі есе ауыр. Тағдыр тауқіметін тартқандардың тартысы, бітіспес дау, күрмеуі қиын мәселе. Мұның бәрі жаңа ток-шоуда. Біреудің өміріне араласпағанмен, ақылмен бағдар беруге дайын сарапшылар да осында.

Талғат Жанысбай, саясаттанушы:

-Тұрғындар заңи жағынан сауатсыз десе болады. Сондықтан да осындай ток шоу болса деймін, көбейсе деймін.

Кейіпкерді жаппай жақтайтын да, даттайын да табылады. Адамдардан бөлек жылан да студияның қонағы болды.

-Жыланың сорпасы. «Біссіміллә» деп ішіп көрейік. Дәмі басқаша екен.

Дау-дамайға толы бағдарламаның жүргізушісі елге танымал Дина Төлепберген. Бұл бұрын ол жүргізген «Астарлы ақиқат» бағдарламасының түрленген түрі. Ток шоу 25-ші қарашадан бастап көрсетіледі. Әр аптаның жексенбісі 19.00 де Ктк арнасы қосулы болсын! Ақиқатқа бірге жетейік!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде