{metadescription}
Мұхтар Әбіләзов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Мұхтар Әбіләзов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мұхтар Әбіләзов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Прокурорлар Мұхтар Әбіләзовты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Қашқын банкирдің бұрынғы «Тұран Әлем Банкінің» басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталғаны мәлім. Оның кінәсі толық дәлелденді деген мемлекеттік айыптаушылар «мұндай қауіпті адамның қапасқа өмір бойы қамалғаны дұрыс» - дейді. 

Ілияс Есқалиев, ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бөлімінің бастығы:

-Айыптаушы тарап Мұхтар Әбіләзовты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-ТАРМАҒЫ бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды.

Кісі өлтіруге тапсырыс берді деген Мұхтар Әбіләзовтың ісі бір айдан бері Таразда қаралып жатыр. Сот процесі ашық болғанымен, басты айыпталушы Еуропада бас сауғалап жүргендіктен, оның қатысуынсыз сырттай өтуде. Бүгінгі жарыссөзде сөз алған прокурорлар олигархтың кісі өлтіруге тапсырыс бергеніне 100 пайыз дәлел бар дейді. Ал атышулы процеске 27 қарашада нүкте қойылуы тиіс. Естеріңізге салсақ, айыптплушының бұл іске шатылуына «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди түрткі болған. Ержан Тәтішевті аңшылықта әдейі жазым қылғанын 13 жылдан кейін мойындаған ол досын өлтіруге тапсырысты Әбіләзов бергенін айтқан еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде