{metadescription}
Елімізде жарты жылда 30 мың адамды ит талап тастаған
Елімізде жарты жылда 30 мың адамды ит талап тастаған

Елімізде жарты жылда 30 мың адамды ит талап тастаған

Қаңғыған иттің құрбандары! Елімізде жарты жылда 30 мыңға жуық адамды ит талаған. Араларында көз жұмғандар да бар.  Қайғылы оқиғалардың жиілеуіне төбеттеріне ие бола алмаған тұрғындардың да жауапсыздығы себеп. Өйткені, жазаланбайтын болғандықтан,   қожайындары қауіпсіздік шараларын мүлдем ескермейді бермейді екен.

Депутаттың «иттерге ие болыңдар» деп  сауал жолдауына Талдықорғандағы қайғылы оқиға түрткі болыпты. Жуырда жеті жастағы баланы екі питбуль талап өлтірген еді. Қан-жоса болған жеткіншекті  дәрігерлер аман алып қала алмады.

-Міне, екі қара питбуль. Талап жүрген осылар ғой. Осы питбульдарды мына сары вольерге кіргізген ғой.  Сонда мына тесіктен секіріп шығып кеткен. Содан жаңа көшеге шығып талаған баланы.

Бұл сұмдық  оқиғаға қатысты полицейлер тергеу жүргізуде. Егер қабаған иттердің иесінің жауапсыздығының кесірі болса, ол  3 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Сергей Незнаев, Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Бұл оқиғаға қатысты «Абайсызда адам өлтірді» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті сараптамалар жасалуда. Тергеу  жалғасып жатыр.

Ал статистикадан адам шошиды. Елімізде үш жылда 177 мың жан үй жануарына таланған. Биыл алты айда 30 мыңға жуық тұрғынды  ит қапқан.  Ал күніне 160 астам адамға шабуыл жасайды екен.  Бұған төбеттердің иелері де кінәлі дейді депутат.

Ерсұлтан Бектұрғанов, Мәжіліс депутаты:

-Қазіргі кезде кейбір ауылдарда балалардың мектепке жаяу баруы да қауіпті болып отыр. Әсіресе, қыс кезінде күн ерте батып, кеш шығатын уақытта топ-тобымен жүрген иттер оқушылардың  үрейін  туғызып, олардың оқуға баруына кедергі болған жағдайлары да кездесіп жатыр. Оның үстіне, үй жануарларын асырайтын адамдар оларды асырау мен серуендету қағидаларын сақтамайды.

Басқаны айтпағанда, Астанадағы жағдай да жантүршігерлік. Былтыр 1700 астам адам зардап шеккен. Қаланың қақ ортасында бұралқы иттер өріп жүр.

Медет Қылышбаев, «Астана қаласы ветеринариялық қызмет» КМК директорының орынбасары:

-Астанада күніне орта есеппен 40 қаңғыған ит ұстаймыз. Бұл иелерінің жауапсыздығынан. Тұрғындар үй жануарын  бағудың қарапайым ережесін сақтамайды. Қожайыны жоқ итті 60 күнге дейін  азық беріп, қараймыз. Ешкім іздеп келмесе, арнайы ит бағатын жерге өткіземіз.

Мәжілісмен ит ұстауда шетелдік тәжірибені мысалға келтірді. Кейбір мемлекеттерде төбетіне ие болмағандарға  ірі көлемде айыппұл салынады  немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырады екен. 

-Сонымен, Бектұрғанов Үкімет басшысынан елімізде ит пен мысықты асыраудың біріңғай ережесін бекітіп, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Және елімізде қаңғыған иттерден ауру жұқтырып жатқандарды да есепке алатын ешкім жоқ екен. Ветеринарлар вакцинаны  тек үйде байлаулы тұрған жануарларға ғана саламыз дейді. Яғни, бұл да шешілмеген мәселе.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.