{metadescription}
Карл Байпақов дүние салды
Карл Байпақов дүние салды

Карл Байпақов дүние салды

Белгілі археолог, академик Карл Байпақов өмірден өтті. Саналы ғұмырының 55 жылын тынымсыз ғылымға арнап, қазақ тарихының қайта түлеуіне атсалысқан тұлға жақында 78 жасқа толған болатын.

Карл Молдахметұлы Алматының іргесіндегі Талғар қаласында тарихшылар отбасында дүниеге келген. 1963 жылы сол кездегі Ленинград мемлекеттік университетін тәмәмдап, ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик дәржесіне көтерілген археолог 20 монография, 200-ден астам ғылыми мақала жазған.  Ол қазақ жерінде қала мәдениетінің қалыптасқанын алғаш дәлелдеген тарихшы. Әсіресе, Отырар, Сауран, Құйрықтөбе, Талғар, Жайық және тағы басқа тариққа тұнып тұрған қала табандарында  қазба жұмыстарын жасап, көптеген ғылыми жаңалық ашқан.

Арнабай Нұржанов, Карл Байпақовтың шәкірті:

-Еуразияның 7 мың шақырым жерін қамтитын Ұлы жібек жолындағы қалалардың мәдениетіне ол кісі көңіл аударды. Бұл кісінің ғылымдағы жасаған жаңалығы шексіз. Енді оны келешекте Карл Молдахметұлының шәкірттері жалғастыра береді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде