{metadescription}
Бурабайда жекенің қолына берілген лагерлер қаңырап бос тұр
Бурабайда жекенің қолына берілген лагерлер қаңырап бос тұр

Бурабайда жекенің қолына берілген лагерлер қаңырап бос тұр

15 лагерьдің 10-ы қаңырап тұр! Бурабайда 90-шы жылдары жекенің қолына өтіп кеткен балалар лагерьлерін қайта жаңғыртуға құзырлы орындар қауқарсыз болып отыр. Есесіне, табиғаты тамылжыған өлкедедегі әбден тоналып, қаңыраған  ғимараттар  адам шошырлық жағдайға жеткен.

Балалар сауықтыру лагерінің бүгінгі ахуалына ах ұрып тұрған азамат – жергілікті тұрғын Георгий Хомуло. Бүгінде жасы 80-ге таяған зейнеткер «бұл ғимараттың әрбір кірпіші көз алдымда қаланып еді», - дейді. «Спутник» балаларды сауықтыру орталығы 90-шы жылдары Қатаркөл кеңшарының балансында болған. Лагерьді салу үшін барлық ауыл болып атсалысыпты.

Георгий Хомуло, Қатаркөл ауылының тұрғыны:

-Бәрі сынған, тоналған, ұрланған. Не деген сұмдық! Осы үшін жазаларын беру керек. Осы ғимаратты тұрғызу үшін қанша еңбек, қанша қаражат жұмсалды. Жаны ашымайтын, болмаса, қолынан түк келмейтін адам сатып алып тұр ғой. Қажетке жаратпаса, мемлекетке қайтаруы керек.

Қарағай, қайыңы аралас сыңсыған орман ортасындағы Қатаркөлді жағалай орналасқан бұл лагерь 11 мың 100 шаршы метр жерді алып жатыр. Аумағында 2 қабатты 2 жатақхана, мәжіліс залы мен асхана, қоймалар бар. Онда қалған мүліктер тоналып,  ғимараттар адам көргісіз жағдайға жеткен.  

-Ескі сөреде әбден қағазы сарғайған мына құжат сол күйі сақталған екен. 1993-ші жыл деп даталанған сызбалар мен толған есеп-қисапқа қарағанда, бұл жылу қазандығының сметалық құжатына ұқсайды. Сондай-ақ, бұл жерде басқа есеп қағаздары да толып жатыр.

Курортты аймақта осы «Спутниктен» басқа «Жезқазғандық», «Восход», «Огонек», «Чайка» сияқты 10 лагерь әр жылдары жұмысын тоқтатқан. Барлығы да жекеменшікке беріліпті.

Алтынай Ахметжанова, Бурабай аудандық білім бөлімі басшының орынбасары:

-Олардың бәрі жекеменшік болған соң ол сұраққа енді мен айта алмаймын. Әр жыл сайын қадағалаған жоқпыз. Бізге оның қатынасы жоқ.

Қой дейтін қожа болмағандықтан, кейбір нысан иелері бұл жерге жылдап ат ізін де салмайды екен. Кезінде балалық базарына айналған лагерьлер болса, жыл санап тоналып, тозып барады. Бәрінен бұрын, жаз маусымында Бурабайда еліміздің түкпір-түкпірінен келген небәрі 8 мыңға жуық бала ғана демала алады екен. Ал елес кезген осынау ғимараттар кәдеге жарар күнін әлі де күтіп тұрғандай.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.