{metadescription}
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері парамен ұсталды
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері парамен ұсталды

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері парамен ұсталды

Алматыда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері парамен ұсталды. Олар көлік жүргізушілерден ұзын-сонар кезекте тұрмай, құжаттарын рәсімдеп беруге 5 пен 15 мың теңгенің көлемінде ақша алып отырған.

- Құжатты тездетіп берем деп әрқайсысынан 5000 теңге мен 7000 теңге аламыз.

Осындай жәрдемшілер ғимарат кіреберісінде тұрып, келушілерге кезегін сағаттап тоспаудың жолын ұсынған. Келіскендері олардың қолдарына ақша қыстырып, шаруаларын жылдам тындырып кете беретін. Ал делдалдар тапқан табысты теңдей бөліп отырыпты. Ұсталғандардың айтуынша, ақшаның жартысын корпорацияның инспекторларына беріп отырған. Қазір қолға түскендердің үстінен полиция іс қозғап, тергеу жүргізілуде

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

-Қазір Алатау аудандық Ішкі Істер басқармасында ҚК-247 бабының нормаларына байланысты  қылмыстық іс қозғалып, сезіктінің ісі міндетті түрде кем дегенде 1-3 аптаның ішінде сотқа жүгінетін болады. 13/31 ақшаны алып отырған кісі қарапайым оператор лауазымындағы азамат, ол өз кінәсын толығымен мойындады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.