{metadescription}
Француздарды тәнті еткен қазақ киносы кинотеатрларға жол тартты
Француздарды тәнті еткен қазақ киносы кинотеатрларға жол тартты

Француздарды тәнті еткен қазақ киносы кинотеатрларға жол тартты

Канн фестивалінде сыншылардың өзін таң қалдырған фильм «Ласковое безразличие мира» деп аталады. Әділхан Ержанов авторлық туындысы арқылы әділетсіздікке тап болған жастардың басынан өткен небір сұмдық оқиғаларды көрсетуге тырысқан.

«Ласковое безразличие мира» фильмі ауылдағы екі жастың шынайы махаббатымен басталады. Алайда, көп ұзамай бәрінен жалыққан бойжеткен қалаға кетуді ойлайды. Міне, осы сәттен бастап барлық қиындықтар басталады.

Динара Бақтыбаева, актриса:

-Кино кейіпкерлері өте батыл. Оны көрген әрбір көрермен терең әсер алады деп ойлаймын. Себебі, түрлі сұмдық жағдайлар әркімнің өмірінде әйтеуір бір кездеседі.

Бойжеткеннің ойлағаны бірден бола қоймайды. Қалаға туыстарының үйін паналауға келген қыз күтпеген жерден көше кезіп қалады. Ғашығын жалғыз жібергісі келмеген жігіт те оның соңынан еріп келген еді. Дегенмен, қол ұстасқан қос жасты талай сынақтар күтіп тұрған еді. 

Әділхан Ержанов, режиссер:

-Киноның жарыққа шыққанына шексіз қуаныштымын. Оны шығару үшін көп еңбек еттік. Әрине, авторлық фильм түсіру оңай емес. Себебі, ол бәріне бірдей ұнай қоймайды. Біреулер бірден қабылдаса, енді атыс-шабысқа толы фильм көрермендері оны түсінбеуі де мүмкін.

Кино 30 мың долларға түсірілген. Десе де, әлдеқайда көп қаражат жұмсалатын голливудтық фильмдерден кем түспейді. Сондықтан болар, оны бүгінгі күннің өзінде Франция мен Қытайдың кинотеатрлары жаппай сатып алған. Драманы қазақ көрермені де көре алады. Туынды бүгіннен бастап барлық кинотеатрларда.

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде