{metadescription}
Еліміздің ең сұлу бойжеткені ерекше көйлегін көрсетті
Еліміздің ең сұлу бойжеткені ерекше көйлегін көрсетті

Еліміздің ең сұлу бойжеткені ерекше көйлегін көрсетті

Еліміздің байрағы Тайландта өтетін сұлулық сайысында сахнаға шығады! «Ғаламшар Аруы - 2018» байқауына ел атынан қатысатын Сәбина Әзімбаева финалға киіп шығатын көйлегін көрсетті. Бойжеткен бұрынғы үміткерлер секілді ұлттық киім емес, мемлекеттік рәміз бейнеленген костюммен бүкіл әлемді таң қалдырмақшы.    

Сабина Әзімбаева, «Ғаламшар Аруы - 2018» байқауына қатысушы:

-Бұл костюмде өзімді Тұмар патшайым сияқты сезінемін. Ол да жауынгер болған. Байқауға барымды салып дайындалып жатырмын. Бірақ, әрине, қобалжу бар.

Еліміздің көк туын киім етіп шығаруды дизайнер ойлап тауыпты. Күн мен оның шұғыласы бойжеткеннің арқасына бекітілген. Ал қыздың өзі қыран мен "Алтын Адам" кейпінде. Бас киімі мен етігіне дейін асыл тастар тігілген Сәбина Әзімбаева сақ жауынгеріне ұқсап қалған. Ғаламшар аруы атағына үміткермен кездесуге келгендер еліміздің көк байрағы бейнесіндегі көйлекті көріп, таң қалды. Ал байқаудың өзі 17- желтоқсанда Тайландың астанасы - Бангкокта өтеді. Күллі әлем күтіп отырған арулар додасына жер шарының түкпір-түкпірінен жүзге жуық хас сұлу қатысады. Осы сайысқа еліміздің атынан баратын Сәбина Әзімбаева сахнаға бұдан басқа тағы 27 көйлек киіп шығады. Оның барлығын бойжеткенге отандық сәнгер Кәмила Бах тігіп берген.

Камила Бах, сәнгер:

-Киімдегі тастарды жеке-жеке қолмен тігіп, безендірдік. Әсіресе, бас киімді жасауға ұзақ уақыт кетті. Костюді ұялмай бүкіл әлемге көрсетуге болады деп ойлаймын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде