{metadescription}
Қарағандыда Қасым Аманжолов оқуларының соңы үлкен дауға ұласты
Қарағандыда Қасым Аманжолов оқуларының соңы үлкен дауға ұласты

Қарағандыда Қасым Аманжолов оқуларының соңы үлкен дауға ұласты

Қазылар алқасының төрағасы Доскей аулынан келген мектеп оқушыларына зекіп, өлеңдерін толық оқытпай тастаған. Бұған себеп, олар оқитын мектептің Голощекин кезінде Қазақ орталық атқару комитетін басқарып, қазақтың малын кәмпескелеген Елтай Ерназаровтың атымен аталуы екен. Наразы болған ата-аналар мектеп атауының балаларының сағын сындыруға қандай қатысы бар деп налиды.

Бұл Нарқыз Жұмағалиеваның «Қасым оқуларында» аяқтай алмай қайтқан өлеңі. Ақынның 25 өлеңін жатқа білетін оның мәнері де көңілге қонатындай. Бірақ байқауға барып, басы бәлеге қалыпты. Қаршадай қыз өзіне шүйліккен белгілі ақынға қапалы боп қайтқан.

Нарқыз Жұмағалиева, Елтай Ерназаров атандағы орта мектеп оқушысы:

- Серік Ақсұңқаров бұл мектепті неге жаппайды деп бізге неше түрлі сөз айтты. Айтайын деп тұрғанда бізге мүмкіндік берген жоқ. Басқа байқауларға біз қатысқымыз келмей қалды шынымен. Өйткені елтайлықтар деп тиіскеннен кейін намысыңа тиеді екен.

Жыларман болған балаларын жұбата алмаған ересектер, ақынның Елтайдағы елдің өшін қаршадай қыздан алғанына наразы. 

Алтынай Хамитова, Доскей ауылының тұрғыны:

- Неге сіздер өлеңнен бұрын Елтай туралы сұрақ қойдыңыздар дедім. Ол кісі маған қарады да Елтай Елназаровтың тарихы нашар деді.   

Ал арқаның арқалы ақыны Серік Ақсұңқарұлы балалардың көңіліне қаяу түсіру ойында болмағанын айтады. Тек Елтайдың есімін естігенде елең еткенім рас деп отыр. 

Серік Ақсұңқарұлы, ақын:

- Елтай мектебінде оқыған соң бізге бәйге бермеді дейтін көрінеді. Олай емес. Байқау өте әділ өтті. Ешкімді бөлу деген болған жоқ. Елтайдың есімін білесіздер бұл қазақта «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деп асыра сілтеген адам. Елтайдың атын осы күнге дейін иемденіп отыруы мектептің – бұл ұят

Тарихшылар 1927- 33 жылдары қазақ КСР-ның орталық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Елтай Ерназаров Голощекиннің қолшоқпары болған дейді. Байларды кәмпескелеуеге белсене араласып, мал атаулының 90 пайызын жоқ қылған. Соның кесірінен аштық жайлап, қазақтың 3 миллионға жуығы сол жылдары қынадай қырылды. Ақын Елтай есімін естігенде қабақ шытуымның себебі осы еді дейді.

Дегенмен, Қасым оқуларында тауы жығылған балалардың ақынға деген өкпесі қара қазандай. Ата-аналар да, Елтай сондай екен деп балаға шүйлігу әбестік дейді. Ал мектеп басшылығы Ерназаровтың атын алып тастауды біраз жыл бұрын билікке  айтқан да екен. Алайда оларды тыңдар жан табылмаған. Осы даудан соң  аудан басшылығына тағы құлаққағыс жасаймыз деп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде