{metadescription}
Тікелей эфир: Сирия келіссөздерінің алғашқы күні қалай өтті?
Тікелей эфир: Сирия келіссөздерінің алғашқы күні қалай өтті?

Тікелей эфир: Сирия келіссөздерінің алғашқы күні қалай өтті?

Сирия Үкіметі мен қарулы оппозиция өзара тұтқындармен алмасуы мүмкін. Ресми Дамаск пен қарулы топ қазір бұл мәселені Елордада шешіп жатыр.  Сириядағы сойқанды бейбіт жолмен шешуге арналған  кезекті Астана процесінде тағы басқа қандай мәселелер көтерілді?  

-Әзірге келісім туралы айту ертерек. Жалпы бұл Сириядағы қанды қырғынды тоқтатуға арналған 11-ші кездесу. Екі жақ араға жарты жыл салып, Астанада қайта бас қосып отыр.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – Сирияда конституциялық кеңес құру. Әрі бұған дейін  келіссөздерде қол жеткізілген келісімдердің қалай орындалып жатқаны жан-жақты  сөз болып жатыр. Өйткені, үкімет пен оппозиция оқ атуды тоқтату туралы келісімді бұзды деп бір-бірін әлі айыптауда. Сондай-ақ ИГИЛ, Жабхад ан-Нүсрә, әл-Каида сияқты лаңкестік топтармен күрес және тұтқындарды босату мен қаза тапқандардың денесін беру мәселесі шешімін табуы тиіс. Бірақ, бір үстелдің басына жиналғандар бүгін алдымен екі жақты кездесулер өткізіп, бір-біріне қояр талаптарын оңаша айтты. Ал, негізгі жиын ертең өтеді деп жоспарланған.

- Астана процесіне қатысып жатқан оппозицияның қояр талабы қандай?

- Иә, тек қана оппозиция емес, барлық тарап қазір осында. Яғни, ресми Дамаск пен кепіл беруші мемлекеттер: Ресей, Түркия, Иран, ал бақылаушы ретінде БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура жүр. Ал, қарулы оппазицияны генерал Ахмад әл-Тома бастап келген. Мәліметтерге қарағанда осы қарулы топ негізінен тұтқындарды босату мәселесін көтеріп жатыр.  Өйткені, Сирия президенті Башар Асадтың жақтастары қазір жүздеген тұтқынды ұстап отыр екен. Енді осы қамауда отырған адамдарды алмасу мәселесі ертең жан-жақты талқыланып, тіпті, тиісті құжат та қабылданып қалуы әбден мүмкін. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.