{metadescription}
Назарбаев қарттар үйіне барғанда не үшін қынжылатынын айтты
Назарбаев қарттар үйіне барғанда не үшін қынжылатынын айтты

Назарбаев қарттар үйіне барғанда не үшін қынжылатынын айтты

Қазақстанда жетімдер үйі болмауы керек! Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселенің жанына бататынын айтып, бала асырап алуға көмектесетін ұлттық агенттік құру туралы бастамаға қолдау білдірді. Еліміздегі бөбектер үйінде қазір 7000-ға жуық жетім тәрбиеленіп жатыр екен. Ондағы қаракөздердің шетел асып жатқаны да көңіліне қаяу түсіретінін айтты Елбасы.

Елбасы бұл жолы ресми мәліметтер, экономика мен саясатты мүлдем сөз қылмады. Қарапайым адам ретінде шымбайына батып жүрген жағдайларды қозғады. Президент ең алдымен Қазақстанда жетімдер үйі болмағанын қалайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біздің балаларымыз мұхиттың ар жағындағы танымайтын елге кеткенімен өскенде бәрібір елін, жерін сағынады. Бірақ олар бөтен адамдар болып келеді.  Өзіміздің мұсылман дінінде де, қазақшылықта да «жетімге қол созсаң, жұмақтан шығасың» деген бар ғой. Сондықтан, өзінің бір-екі-үш баласы бар адам тағы бір баланы сол балалар үйінен алатын болса, тек жақсылыққа кенеледі деп санаймын.

Жүзден астам жетімдер үйімен қатар ондаған аналар орталығы да бар бізде. Президент оң босағада отырып жүкті болып қалған, кейін құрсағындағы баланы әкесі түгілі, туғандары  керек қылмай қойған  қыздардың тағдырына да алаңдаулы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бұл жерде ата-аналарға да айтатын сөз бар. Солай болып  қалды деп, қайтесің,  балаңнан бетіңді ала қашасың ба? Өмірде не болмайды? Ондай да болады. Түзеліп те кетеді.

Президент қарттар үйіне барғанда да қынжылатынын айтты. «Атаңа істегенің алдыңа келеді» дегенді ұмытқандардың өз басына да көп кешікпей қарттықтың келетінін ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Әсіресе, біздің қазақтарға ата-анасына қамқорлық жасау ата-бабасынан қалған салт болатын. Қазір мен қарттардың үйіне барып, қазақтың ата-әжелері отырғанда жаным ауырады. Сонда келіп сұрайсың: ақсақал, балаларыңыз бар ма деп. Қайтесің, қарағым, деп жылайды. Сонда қалай болғаны? Өзіміздің салтымыздан, ғұрпымыздан ажырағанымыз ба? Әке-шешемізді ана жаққа апарып тастап, қалай отырамыз?

Президент аяқ-қолы бүтін бола тұра «жоқ» деп, жыламсырай беретіндерге де мотивациялық кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-«Анау жетпейді, мынау жетпейді» деп өмірге шағым көп айтамыз. Ауруханаға бар, зират басына барып көрші. Сонда бәрін түсінесің. Деніміз сау аяқ қолымыз бүтін. Өмірдің ауыртпалығын сезінсек болды шашымызды жұлуға дайын тұрамыз.

-Сосын, елімізде  жұмыс  емес, мамандар жоқ дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Мәселен, Астанада дәнекерлеуші жетіспейді екен. Ал адамның көбі жеңіл әрі жалақысы жоғары жерді қалайды. Президент жылда Астанада өтетін Азамттық форумда жұртты айналасына барынша қайырымды, мейірімді болуға, жүріп-тұруы қиындаған адамдар мен үйінде қараусыз қалған қарттарға қол ұшын созуды әдетке айналдыруға шақырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.