{metadescription}
Назарбаев халықтың тұрмысы қалай жақсаратынын айтты
Назарбаев халықтың тұрмысы қалай жақсаратынын айтты

Назарбаев халықтың тұрмысы қалай жақсаратынын айтты

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын түзеуге арналған ұлттық жоспар жасалады. Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне  осындай пәрмен берді.

Жаңа құжат мүгедектердің білім алуын,  жұмысқа орналасып, жұрт қатарлы өмір сүруін  қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, министрліктің алдында   халыққа қол жетімді шағын несиенің  санын көбейту міндеті тұр. 1-ші қаңтардан бастап жасына байланысты берілетін зейнетақы 7 пайызға, мүгедектік пен асыраушысынан айырылғандарға  жәрдемақы 5 пайызға артады. Президент әлеуметтік сақтандыру мәселесін де қозғады. Осыған орай, еңбекке жарамсыз болып қалғандар, жұмыстан босап қалғандар мен  асыраушысынан айырылғандарға төлемдер  30 пайызға артуы тиіс.  Ал 2025 жылға қарай қосымша 2 миллионға жуық жас маман  оқуды тәмәмдайды. Оларды  да  жұмыспен қамту қажет. Және жаңа жылдан бастап  мемлекеттік қызметкерлер мен табысы төмен жұмысшылардың еңбекақысы бір жарым есеге арттыру үшін Парламент жыл соңына дейін арнайы  заңды қабылдап үлгеруі керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Кейінгі істеп жатқан барлық шаралар, бағдарлама, мен айтқан бес әлеуметтік бағдарлама барлығы елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын өзің білесің. Мысалы, биылғы әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы 2,6 триллион теңге. Былтырғымен салыстырғанда 21 миллиардқа жоғарлап отыр. Ең төменгі жалақыны көбейту мәселесі 1 миллион 300 мың адамға тисті болады дедік. 275 мың шенеунік жалақысын көбейтеді деп жатырмыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.