{metadescription}
Ақмола облысында жоғалған жылқыларға малшының қатысуы болуы мүмкін
Ақмола облысында жоғалған жылқыларға малшының қатысуы болуы мүмкін

Ақмола облысында жоғалған жылқыларға малшының қатысуы болуы мүмкін

Жүген ұстап қалды! Ақмола облысында 3 ауылдың тұрғындары 200 бас жылқысынан айырылды. Кенесары, Баянбай және Жамантұздың жұрты сабылып жоғын ғана емес, жылқышысын қоса іздеп жүр. Алдындағы малын белгісіз жағдайда жоқ қылған малшы бір түнде ауылдан көшіп кеткен. Наурыз айынан бері полиция  да еш әрекет етпей отыр, - дейді  ашынған жұрт. Олар құзырлы органдардың барлығына шағым түсіргенімен тұщымды жауап алмаған.

Енді бірінің тіпті 17 бас жылқысы жоқ. Қолындағы малына сенген жұрт биыл қыстық соғымсыз қалып отыр. Олар үйір-үйір жылқысын жылқышы Жасұлан Әбділмановтың алдына салып берген. Сол үшін тұрғындардан ай сайын мал басына мың теңгеден алып отырыпты. Ол аяқ астынан бір үйір жылқыны тізіммен тарата бастағанда, жұрт 200 бас малдың жоқ екенін біледі. Бір қызығы, ол 70-80 жылқыны таратуға келгенде қасында полицейлер болған көрінеді.

Роза Сағитова, Кенесары ауылының тұрғыны:

-Жылқышыны 3 полицей ертіп келді. Ол Зеренді аудандық полициясының қорғауында болғаны ма сонда? Көліктері нөмірсіз болды. Жылқышы саған 1 мал, саған екі мал деп даусы қаттырақ шыққан тұрғындарға таратты. Содан бері оның өзін де таппай қалдық. Полиция да іздеп жатқан жоқ. 

-Мынау есігіне жіп байлай салған  сол жылқышының үйі. Мал иелері жоғын іздей бастаған кезде бір түнде көшіп кеткен. Содан оны көрген жан жоқ. 6 ай болған ол ауылға ат ізін де салмапты.

Тұрғындар көрші ауылға көшіп кеткен жылқышыны соңынан іздеп барған. Жасырынып қалыпты. Алайда неге оның бостандықта тайраңдап жүргенін мал иелері түсінбей дал. 

Қалы Ыбыраев, Кенесары ауылының тұрғыны:

- Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Біреуі қолдап жатқан жоқ, бір-біріне сілтейді.

Тұрғындардың қолында жылқыларының суреттеріне дейін бар. Жергілікті құзырлы органдардан қайран болмаған соң Бас прокуратураға дейін шағым түсірген. Полициядағылар болса, іздеп жатырмыз деп отыр.

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы:

-Тергеу басқармасында жылқылардың жоғалу дерегі  бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Көлемді іс болғандықтан арнайы топ құрылды. Бурабай ауданынан бірнеше тұрғын  күдікке ілініп отыр. Оның ішінде жылқышы да тергелуде. Мұны полиция департаментінің бастығы қадағалап отыр.

Жылқышыны қамау жөнінде ешқандай санкция болмаған. Сондықтан ол жұртқа малын үлестіргенде оған еріп жүріп, қауіпсіздігін сақтауға полицейлер міндетті емес еді дейді департаменттегілер. Осы жайтты жүген ұстап қалған жұрт та түсінбей жүр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.