{metadescription}
Таразда «каннибал пайда болды» - деп елді дүрліктіргендер іздестіріліп жатыр
Таразда «каннибал пайда болды» - деп елді дүрліктіргендер іздестіріліп жатыр

Таразда «каннибал пайда болды» - деп елді дүрліктіргендер іздестіріліп жатыр

Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде қорқынышты видео тараған еді.

Хабарламада қанды оқиға Таразда болды деп айтылған. Бұл ақпар жергілікті тұрғындарды әбден шошытты. Оның анық-қанығын білгісі келген жұрттан полиция департаментіне толассыз қоңыраулар түскен. Сөйтіп тәртіп сақшылары жағдайға қатысты дереу түсініктеме беріп, мәліметті терсіке шығарды. Ал сұмдық жағдай үш жыл бұрын Түркістан облысында тіркелген. Видеода көрсетілген  6 жасар қызды бойында ауытқуы бар туған әпкесі өлтірген болып шықты.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Жалған ақпаратты таратқан тұлға анықталған жағдайда оған ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша үш жылға дейін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде