{metadescription}
Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған  Түркия азаматы ұшты-күйлі жоғалып кеткен
Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған  Түркия азаматы ұшты-күйлі жоғалып кеткен

Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған  Түркия азаматы ұшты-күйлі жоғалып кеткен

Жедел-жәрдем жүргізушісінің жағасынан алып, жұдырықтаған түрік азаматын елден шығару арызы қараусыз қалды.  Өйткені, полицейлер Әли Демірдің қазір қайда екенін білмейтін болып шықты. Сол себепті сот арыз-талапты қарамаймыз деп шешкен.

Қалалық соттың мәліметінше, ол үшінші қарашада Ыстамбұлға ұшуы тиіс болған. Бірақ, шекарадағылар оның арғы бетке өтпегенін мәлімдеді. Енді полицейлер оның мекен-жайын анықтап, тапқанша іс әзірге тоқтайды. Естеріңізге салайық, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел-жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. Уақытша ұстау абақтысына жабылғанмен, кейін Әли Демір босатылды.

Диас Махамбетов, Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Қазіргі уақытта шекараны кесіп өтпегені ғана бізге белгілі. Азаматтық кодекске сәйкес елден шығарылуы тиіс азаматтың сотқа қатысуы міндетті. Соған байланысты шағымданушы тарап, яғни полиция істі әзірге қарамауды өздері өтінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде