{metadescription}
Қазақстандық хакерлер ақыры АҚШ-қа экстрадицияланатын болды 
Қазақстандық хакерлер ақыры АҚШ-қа экстрадицияланатын болды 

Қазақстандық хакерлер ақыры АҚШ-қа экстрадицияланатын болды 

«Кибер қылмыс жасады» деп айыптаған 30 жастағы азаматтардың бірі Эстонияда, екіншісі Малайзияда ұсталған.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-Эстония мен Малайзияда ұсталғандар шынында да Қазақстанның азаматы. Күдіктілер жайлы мәліметті  жіті тексердік. Қазір оларды Америкаға экстрадициялауға дайындауда. Тергеу сол АҚШ-та жүргізіледі.

Евгений Тимченко мен Сергей Овсянниковты Америкаға алдырту туралы аталған екі елге хат жазған. АҚШ екі жерлесімізбен қоса,  Ресейдің 6 азаматын алаяқтықпен интернет-сайт ашты, компьтерлерді бұзып, пайдаланушылар жайлы мәліметті заңсыз алды  деп айыптап отыр. Олар америкалық компаниялардан жоқ сайттарға жарнама орналастыруға тапсырыс алып отырған. Сөйтіп, 36 млн доллар шығын келтіріпті. Олардың ендігі тағдырын АҚШ соты шешеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде