{metadescription}
Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген жасөспірім сотталды
Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген жасөспірім сотталды

Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген жасөспірім сотталды

Төбелес кезінде 18 жастағы студентті мерт қылған жоғары сынып оқушысы алдағы 2 жарым жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Диас Махамбетов, Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Абылай Әлішев қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-ші бөлігі, яғни «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 55 бабының 2,4 бөлігін басшылыққа алынып, екі жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға  тамыз айында болған еді. Кісі өлімімен аяқталған  жанжал жуылмаған ыдыс-аяқтан шыққан. Ортақ таныстарының үйінде тамақтанған жігіттер мәселені шешуге көшеге шыққанда төбелес басталады. Соққыдан жерге құлап, басы бардюрге соғылған Жаннұр Байқоныс тіл тартпай кеткен.  Кейін оның белгілі дәрігер Шахерезада Ахашеваның ұлы екені анықталды. Мерт болған бала биыл өз күшімен Қытайға оқуға түсіп, сол жаққа кеткелі жүрген беті екен. Ал, 16 жастағы Абылай Әлішев сотта кінәсын толық мойындаған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде