{metadescription}
Шығысты сарышұнақ аяз қыспаққа алды
Шығысты сарышұнақ аяз қыспаққа алды

Шығысты сарышұнақ аяз қыспаққа алды

Бүгін өңірдің кей аудандарында ауа температура 35 градусқа дейін төмендеген. Соның кесерінен, мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды.

Мәселен, Алтай қаласында сынап бағынасы рекордтық деңгейге жеткен. Мұнда, күндіздің өзінде 34 градус суықты көрсетіп тұр. Семей, Риддер қаласымен қатар, Көкпекті ауданы да аяздың құрсауында. Дегенмен, суықтан зардап шеккендер жоқ. Бірақ, аймақтағы төтеншеліктер жұртқа сақ болуды ескертеді. Олар аса маңызды болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес беруде. Себебі, «Қазгидромет» мамандары алдағы үш тәуілікте еліміздің шығыс және орталық аймақтарында ауа райы әлі де суыта түсуі мүмкін екенін айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде