{metadescription}
Назарбаева білім басқармаларын тегіс жабуды ұсынды
Назарбаева білім басқармаларын тегіс жабуды ұсынды

Назарбаева білім басқармаларын тегіс жабуды ұсынды

Облыстық, аудандық білім басқармаларын тегіс жабу керек. Бүгін Сенатор Дариға Назарбаева осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, білім ошақтары тікелей министрліктен қаржыландырылып, екі ортадағы  аймақтық басқармалар жұмысын тоқтатуы тиіс.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

- Мектептер қаржыландырылады. Бірақ, қаражат басқармаларда ұзақ уақыт кідіріп қалады. Олар ақшаны бөле ме, бөлмей ме, оның өзі сұрақ. Ал егер Астанадан тікелей қаржыландырылатын болса, облыстық, қалалық басқармалардың керегі болмай қалады. Сондықтан оларды жабу керек.

Сенатордың айтуынша, мектептердің күні жергілікті басқармаларға қарап қалмау керек. Өйткені, соның кесірінен ғимараттар уақытылы жөнделмей, оқу бағдарламасы дұрыс жүрмей қалып жатады. Оның үстіне, басқармалар болмаса, мектептерде бюджет қаражатынан бөлек, өз бетінше кіріс табу мүмкіндігі пайда болады. Ол үшін білім мекемесінің жанынан арнайы қор құрылады  да демеушілер мен басқа да донорлардан түскен қосымша табыс сонда құйылады. Дариға Назарбаеваның айтуынша, бұл әлемде бар тәжірибе. Оны енді Қазақстанда да енгізуге болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде