{metadescription}
Депутаттар жарымжандардың асыраушысына әлеуметтік мәртебе беруді талап етті
Депутаттар жарымжандардың асыраушысына әлеуметтік мәртебе беруді талап етті

Депутаттар жарымжандардың асыраушысына әлеуметтік мәртебе беруді талап етті

Мүмкіндігі шектеулі балалардың асыраушысы мен ата-анасына әлеуметтік мәртебе беру керек. Мәжілісмен Үкіметтен мүгедектерді бағып отырғандарға жеңілдік жасап, қағазбастылықтан бостауды талап етті.

Депутат  Магеррамов жарымжандардың басындағы өзге де мәселені тізіп берді. Арбаға таңылған балалардың ата-анасы мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қоя ала ма? Бұл да жауапсыз сұрақ. Және оларды асырап алғандардың ерте зейнетке шығуға да құқығы жоқ.  Автобустардағы жолақысына жеңілдік жасалмаған. Ал Даун синдромы бар балар  мүгедектікке құжат рәсімдеу үшін ауру екенін дәлелдей алмай 9  айға дейін сандалады.  Тағы бір түйіткіл –жарымжандарға  банк картасын ашуға да тыйым салынған.  Әлеуметтік жәрдемақы жеке шотына түсетіндіктен, ұзын-сонар кезекке тұрып алу қажет.

Магеррам Мегеррамов, Мәжіліс депутаты:

-Мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап алған адамдарға әлеуметтік мәртебе беруді сұраймыз. Өйткені, олар ауру баласының қасынан  шықпайды. Жұмыс істеуге де мүмкіндігі жоқ. Ал тұрақты жұмысы барлар баласын емдету үшін кезектен тыс демалыс ала алмайды. Және даун, аутизмге шалдыққандардың  мүмкіндігін анықтау әдісін де  өзгерту керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде