{metadescription}
Қазақстанда банктер кибершабуылға көп ұшырайды
Қазақстанда банктер кибершабуылға көп ұшырайды

Қазақстанда банктер кибершабуылға көп ұшырайды

Өйткені, хакерлер алдымен ақша көп жүретін жерлерді көздейді екен. Онан соң екінші кезекте мемлекеттік органдарға көз тігеді. Ал елімізде көзге көрінбейтін сол сыртқы жаулармен күресетін маман тапшы. Ең сорақысы, біздің мемлекеттік қызметкерлер, тіпті маңызды қызметте отырғандардың өзі ақпараттық қауіпсіздікке келгенде бейқам екен.

-Мамандардың айтуынша, біздің мемлекеттік қызметкерлер жалған ақпараттарға сеніп, хакерлердің шырмауына түсіп қалуға келгенде алдына жан салмайды. Телефонына келген қауіпті хабарламаларды күмәнмен қарау деген түсінік әлі толық қалыптаспаған.

Мәселен, әлеуметтік сауалнама бойынша, халықтың 58 пайызы киберқауіпсіздік мәселесіне дұрыс көңіл бөлмейді. Соның кесірі болса керек, былтыр ел тұрғындарының шамамен 35 пайызы ақпараттық шабуылға тап болған.Одан бөлек, осы күні елімізде соңы «kz» деп бітетін, қоғамға қауіп тудырып отырған 80 домен бар екен. Хакерлерден қорғану жолдарын мамандар мемлекеттік қызметкерлерден бастауды жөн көріпті. Бірақ алдымен оларға мынадай сынақ жүргізіпті.

 Тимур Шаймергенов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

-Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі деген  жалған сілтеме тараттық. Оны 6 мың адам ашып оқыды. Әдетте осындай әдіс арқылы алаяқтар адамдардың жеке мәліметтері мен есепшоттарын біліп алады. Ертесіне күмәнді хабарламаларды ашпай, абай болу керектігі туралы хабарлама жіберген едік, алданғандар саны 60 пайызға азайып қалды.

Ал ірі компаниялар маңызды құжаттарын виртуалды әлемнің қарақшыларынан аман сақтап қалу үшін көшірмелерін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріп отырады. Өйткені, банк секторы немесе мемлекеттік органдар болсын, күн сайын қаптаған кибершабуыл жасалады екен. Оның ішінде жекелеген адамдардың да басын айналдыруға тырысады.

Сергей Журавлев, ҚР ҰҚК ақпараттық қауіпсіздік департаментінің бастысы:

-Жекелеген адамдарға тікелей шабуыл жасайтындар да болады. Әуелі әр түрлі сілтемелер жіберіп, оның немен әуестенетінін біліп, психикасын зерттейді. Сосын сол тақырып төңірегінде хабарламалар жіберіп, алдандырып, құпия мәліметтеріне қол жеткізеді.

Яғни, сол адамның банктік реквизиттары мен төлем карталарының мәліметтерін біліп алады. Ары қарайғы ісі белгілі. Осы күні елді осындай интернет қарақшыларынан қорғайтын 35 мың маманға зәру екенбіз. Ал жоғары оқу орындары сол қат мамандарды даярлап үлгермей жатыр. Сондықтан сенатор Дариға Назарбаева балаларды осы салаға мектеп жасынан бастап оқыту керек дейді.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты: 

-Жас балаларға кішкентай кезінен мектепте киберқауіпсіздік туралы білім беруіміз керек. Осы салада жұмыс болашағы зор деп ата-аналарға, балаларға жеткізуіміз керек. Бұл  жерде табыс та жаман емес.

Табыс шынымен де жаман емес. Ақпараттық технология мамандарының мемлекеттік органдардағы орташа жалақысы 150-200 мың теңге аралығында болса, нарықта миллион теңгеге дейін барады.

-Ал елімізде қазіргі уақытта 798 нысан мамандардың жетіспеушілігінен ақпараттық қауіпсіздікке мұқтаж. Оның ішінде 219-ы стратегиялық маңызы бар мекемелер болып саналады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде