{metadescription}
Экстремизмге қатысты сотталғандарға түрме қызметкерлері де дәріс оқиды
Экстремизмге қатысты сотталғандарға түрме қызметкерлері де дәріс оқиды

Экстремизмге қатысты сотталғандарға түрме қызметкерлері де дәріс оқиды

Ол үшін Қылмыстық атқару комитеті колония сақшыларының жаппай теологиялық сауатын ашпақ. Сөйтіп, жат ағымның жетегінде кеткендерді имамдармен бірігіп тура жолға салу көзделген.

Бекболат Шәкіров, ҚР  ІІМ  қылмыстық атқару комитеті басқармасының бастығы:

-Әрбір мекемеде жеке бөлек кабинеттер бар. Оның ішінде бейнеролик көрсететін мүмкіндіктар бар. Сол жерде сотталғандарға бейнероликтер көрсетеді. Экстремизм, терроризмнің қоғамға қандай зардап әкеліп жатқанын.

Қазір еліміздегі түрмелерде 32 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Оның 700-ге жуығы экстремизм бабы бойынша үшін сотталғандар.  Қауіптісі сол, осы діннен адасқандар қапас ішіндегі өзге жазасын өтеушілердің санасын улайды. Ал мұның алдын алу үшін психологтар пен имамдар жеткіліксіз. Сондықтан тәртіп сақшылары жұмылдырылмақ. Теолог-инспекторлардың алды қазір "Нұр Мүбәрак" университетінде арнайы курстарда оқып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде