{metadescription}
Алматыда ақша айырбастау орнын тонамақ болған күдікті іздестірілуде
Алматыда ақша айырбастау орнын тонамақ болған күдікті іздестірілуде

Алматыда ақша айырбастау орнын тонамақ болған күдікті іздестірілуде

Мәліметтерге қарағанда, шамамен 30 жастағы жігіттің қаруы бар.

Оқиға кеше кешкі сағат жетілер шамасында болған. Валюта айырбастау орнына күдікті алғашқыда қалталы клиент ретінде кірген екен. Сөйтіп, кассирға жүз мың доллар айырбастығы келетінін айтқан. Кассада қомақты ақшаның барын біліп алған соң, артынша тапаншамен оралған. Дегенмен, күдіктінің арам ойы іске аспады. Дер кезінде көрші бөлмеге қашып үлгерген қыз дереу полиция шақыртқан. Қазір қолында тапаншасы бар ұрыны тәртіп сақшылары жан-жақтан іздеп жатыр. Кінәсі дәлелденген жағдайда, бұл қылмысы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Күдікті бұл қылмысқа жалғыз барған көрінеді. Қазіргі таңда іздестіру амалдары жалғасу үстінде. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Міндетті түрде бірер күнде ашылатын қылмыс. Өйткені, бейнекамералардың көмегі жетерлік. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде