{metadescription}
Көл бетінде коньки тепкен қыздың әрекетінен соң алматылықтар ауыз су сапасына күмән келтірді  
Көл бетінде коньки тепкен қыздың әрекетінен соң алматылықтар ауыз су сапасына күмән келтірді  

Көл бетінде коньки тепкен қыздың әрекетінен соң алматылықтар ауыз су сапасына күмән келтірді  

Мұз үстінен шыққан шу! Үлкен Алматы көліндегі мұзда конькимен мәнерлеп сырғанаған қыздың әрекеті дауға ұласты. Кәсіби спортшы Ксения Панкратованың қылығын ерсі санағандар қалаға келетін ауыз судың бастауы қатаң қорғауға алынып, көрінген былғамауы  тиіс деп есептейді. Алайда 2 жарым мың метр биіктегі табиғаттың сұлу көрінісі мен мұз үстіндегі биге тамсанғандар да жетерлік.

Санаулы күнде танымал жанға айналған Ксения Панкратова көл бетінде сырғанаған өзгелерді көргенде шыдамағанын айтады. Арнайы күзетілетін аймақта демалушыларға тыйым салатын жан болмаған. Мұнда тіпті абалаған итін ертіп сейіл құрғандар да жүр. Алайда әлеуметтік желідегі бейне роликті көрген алматылықтар таза суға кім жауапты деп дабыл қақты. Артынша мұз үстінде сырғанаған спортшы қателігін мойындап, қайталамауға уәде берді. Ал алғашында стратегиялық маңызды нысан жөнінде ақпарат бермейміз деген «Алматы су» мекемесі бұл аймақты күзету құзырына кірмейтінін айтты. Бірақ судың тазалығына күмәндану негізсіз дейді олар.

Ақбота Жылысова, «Алматы Су» МКК қоғаммен байланыс жөніндегі маманы:

-Біз суды өндіреміз. Және ол тазарту ғимаратына түседі. Кейіннен ол жерде белгілі 4 сатыдан өтеді. Тұндырылады, залалсыздандырылады және арнайы резервуарларда сақталып, халыққа жіберіледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде