{metadescription}
Шымкентте 2 айлық шақалақ сынаптан уланып ауруханаға түсті
Шымкентте 2 айлық шақалақ сынаптан уланып ауруханаға түсті

Шымкентте 2 айлық шақалақ сынаптан уланып ауруханаға түсті

Дәрігерлер ана сүтін емізуге уақытша тыйым салған соң жасанды сүт ішкен нәрестенің іші өтіп, қан құсыпты. Ал, ауруханада жатқан кезінде үлкен дәретінен сынаптың қалдықтары байқала бастаған. Сәбидің әке-шешесі улы химиялық элемент жасанды сүттің қорабынан шықты деп отыр.

Дүние есігін 2 ай бұрын ғана ашқан Шәкәрімнің екі апта ішінде жарытып сүт ішіп жатқаны бүгін. Анасының сүтінен инфекция табылған соң шақалақ 3 аптадан бері ұнтақ сүт ішіп жүрген. Содан мазасы кетіп, әлсізденіп, қан құсыпты. Беті мен денесіне бөртпелер шығып, тіпті сүт ішуді қойған.

Маржан Сманова, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Балам әлсізденіп жылай берді. Тамақ ішпей қойды. Сөйтсе бала сусызданып кеткен.

Ал, сынап ауруханада жатқанда шақалақтың үлкен дәретінен шыққан. Алғашында ата-анасы сынап термометр сынып, содан шыққан болар деп дәрігерлерге дүрсе қойыпты. Тек, сынап ауруханадан емес, үйде баланың жасанды сүтінен анықталғанда аң-таң болған.

-Ашсам ішінен сынап шықты. Ішектерінде әлі сынап бар екен, соның шыққанын күтіп отырмыз. Ағайындар, абай болыңыздар. Мынау мұндай жағдай бізде болмаған. Мұны жәйден жәй қалдырмаймыз біз.

6 күннен бері ауруханада жатқан Шәкәрімнің жағдайы қазір тұрақты. Оған «ішектің функцианалды бұзылысы» диагнозы қойылған. Бала көп ұзамай шығады десе де, дәрігерлер сынаптың емізік тесігінен өтіп кеткеніне таңырқаулы.

Гүлжанат Наурызова, Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

-Баланың іш қуысын жалпы рентгенге түсірдік. Сол кезде баланың ішек жолдарында сол бөгде заттар байқалды. Ол сынап бөлшектері баланың ағзасына ешқандай ауырлық тигізбейді. Өміріне қауіп төнгізбейді. Себебі, ол бөгде зат ретінде ішек қуысына түсіп, сол баланың үлкен дәретімен ішек жолдары арқылы шығып кетеді.

-Дәрігерлер сынаптың сүт қорабынан шыққанына күмән келтірсе де мәселенің ақ-қарасын тиісті мамандар тексеру қажет. Ол үшін шақалақтың туыстары полиция мен санэпидемиологтарға арыз түсіруі керек екен. Ересектері бүгін-ертеңнен қалдырмай арыз жазамыз дейді. Ал, тергеу жұмыстары біткенше ауруханадан шығатын Шәкәрімге анасы енді қандай қоспа берерін білмей қиналатын түрі бар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде