{metadescription}
Бірнеше Денсаулық министрі оқыған университеттің құрылғанына 88 жыл толды
Бірнеше Денсаулық министрі оқыған университеттің құрылғанына 88 жыл толды

Бірнеше Денсаулық министрі оқыған университеттің құрылғанына 88 жыл толды

Елімізде алғашқы медициналық университеттің құрылғанына 88 жыл толды. Асфендияров атындағы Ұлттық Медициналық университет осы жылдар ішінде 75 мыңнан астам маманды оқытып шығарған. Әлі күнге дейін мұнда алыс-жақын шетелден білім қуып келген студенттер көп.

Талғат Нұрғожин, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің ректоры:

- 88 жылдың ішінде 75 мың дәрігерлер дайындаған екенбіз. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде 2 түлегіміз Советтер Одағының батыры атанды. Соғыстан кейін 6 адам Социалистік Еңбек ері атанды. 1 адам Халық Қаhарманы атанды. 8  Денсаулық Сақтау Министрі14 сенатор немесе мәжіліс депутаттары бітірді.

1930 жылы институт болып ашылған білім беру мекемесіне ректорлыққа Санжар Аспандияров тағайындалады. Сөйтіп 121 түлек оқуға қабылданған. Елде балалар дәрігері жетіспегендіктен 1938 жылы педиатрия факультеті ашылады. Қазір мұнда 6 факультет бар.  Бастапқы кезде оқу орнында бес профессор, төрт доцент және екі оқытушы болыпты. Ал, бүгінде 10-мыңға жуық студенттер, резиденттер, магистранттар мен PhD докторанттары білім ордасында тәлім алуда. Олардың 1000-нан астамы шетелдік студенттер. 1300-ге жуық ұстаз дәрігер  даярлауда. Оқытушылар әлемнің алдынғы қатарлы 20 оқу орнында біліктіліктерін шындап келген. Бұл жолы олар шетелдік ғалымдармен бас қосып, түрлі мастер-класстар өткізіп, тәжірибе алмасты.

Алмат Тұрысбекұлы, Алматы Қалалық Кардиология орталығының директоры:

- Резидентураның 2-3 курсында осы операциялар жайлы түгелдей хабардар болады. Және тікелей трансляция арқылы операция жасап жатқан хирургтың бүкіл техникасымен танысуға мүмкіншілік болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде