{metadescription}
Отандық кәсіпкерлердің жұмысы толықтай сандық жүйеге көшуі керек
Отандық кәсіпкерлердің жұмысы толықтай сандық жүйеге көшуі керек

Отандық кәсіпкерлердің жұмысы толықтай сандық жүйеге көшуі керек

Әсіресе, шағын және орта бизнесті шұғыл түрде цифрландыру қажеттілігі туындап отыр.

Ал, қазір кәсіпкерлер жаңа технологияны енгізуде бірнеше қиындықтарға тап болып отыр. Ол интернет жылдамдығының төмендігі мен IT мамандарының тапшылығы және цифрландыруға бөлінген қаржының жетіспеушілігі. Бүгін тұңғыш президент қоры жанындағы  экономика және саясат институты мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы мәселелерді талқылады. Әрі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру ісінің қалай жүріп жатқанын қорытындылады. Айтуларынша, қазір 500-ден астам қызмет электронды түрде көрсетіледі. Енді 2021 жылға қарай бұл көрсеткішті еселеп өсіру көзделіп отыр. 

Серік Бисенбаев, тұңғыш президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

-Бізде мемлекеттік сектормен қатар, жеке сектор бар екенін ұмытпау керек. Яғни, біз жеке секторға назар аудармай, кәсіби біліктіліктерін арттырмай, жаңа технологияларды пайдалануына мүмкіндік жасамайтын болсақ, біздің экономикада тепе-теңдік болмайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде