{metadescription}
Шығыста автобуссыз қалған жұрт наразылық білдірді
Шығыста автобуссыз қалған жұрт наразылық білдірді

Шығыста автобуссыз қалған жұрт наразылық білдірді

Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданының тұрғындары наразылық білдірді. Себебі 50 түтіні бар ауыл халқы 15 шақырым жердегі Семейге қатынай алмай отыр. Жұрт тығырықтан алып шығатын аудандық биліктен қайыр болмады деп ашулы. Тұрғындар сөзінше, шенеуніктер олармен еш санаспай адам тасымалымен айналысқан автобусты тоқтатып тастаған.

Альмира Достарова, Ескі қорған ауылының тұрғыны:

-Біз қалаға бара алмай отырмыз. Өйткені, қатынайтын көлік жоқ. Ал, таксиді сол жақтан шақыртуымыз керек. Оның өзінде, олар дер кезінде келе қоймайды. Басты тас жолдан ауыл 3 шақырым алыс. Мына аязда ол жерге қалай жетеміз?

Ескі қорған ауылының тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай, шаһарға күнде қатынайды. Себебі, мұндағы жұрттың басым бөлігі Семейде жұмыс істейді. Студенттер мен балабақшаға бала апаратындар тағы бар. Әйтсе де, бірнеше күннен бері аудандық атқамінерлер елді-мекенге қатынайтын жалғыз автобусты жүргізбей тастаған. Соның салдарынан, жұрт тапқан-таянғанын таксиге шығындауда. Жергілікті шенеуніктер болса, бұны аудандық  бюджетпен байланыстырады. Яғни, қоғамдық көлік сенбі, жексенбі күндері өзінің жүріс-тұрысын еш ақтамайды екен. Сондықтан, әкімшілік тарапынан ай-сайын қаражат бөлуге тура келген. Дегенмен, халық наразылығынан соң автобус жолға қайта шығыпты.

Алмас Тастенбеков, Глуховка ауылдық округінің әкімі:

-20 қараша күні аудандық бюджетте қаражат болмауына байланысты, Семей - Ескі қорған ауылының маршруты тоқтаған еді.  Бүгінгі таңда, бұл маршрут қайтадан іске қосылды. Дәл қазір қалыпты бағытта жүріп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде