{metadescription}
Алматы облысында құс фабрикалары банкротқа ұшыраудың алдында тұр
Алматы облысында құс фабрикалары банкротқа ұшыраудың алдында тұр

Алматы облысында құс фабрикалары банкротқа ұшыраудың алдында тұр

Келмеске кеткен субсидия. Алматы облысында құс шаруашылығы мемлекет беретін көмектен қағылып, тұралап тұр. Құс фабрикаларының өкілдерінің айтуынша, оларға сəуір айынан бері субсидия төленбеген. Егер мəселе дер кезінде шешілмесе өндіріс қуатын 2 есеге азайтып, қызметкерлерді қысқартамыз дейді компания басшылары. 

Сəуірден бері сергелдеңге түскен кəсіпкерлер күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Өздеріне тиесілі субсидияны сұрап 7 ай бойы қақпаған есігі қалмапты. Бірақ, қолдарына соқыр тиын да тимеген. 

Мұрат Уəлиев, құс фабрикасының директоры:

-7 ай бойы субсидиялық көмекті ала алмай отырмыз. Өйткені қаржы тапшылығы болып тұр.  Алматы облысына  ерекше назар аударуымыз керек. Себебі, құс етін өндіру мемлекет бойынша 44 пайызы Алматы облысында орналасқан. Ал, жұмыртқа өндіруден 34 пайызы Алматы облысында орналасқан. 

Кәсібі кері кеткендердің айтуынша Алматы облысында құс шаруашылығын дөңгелеткен ірі 8 компания бар. Оның 5-і ет, қалған 3-і жұмыртқа өнідерді. Алайда, барлығы банкрот алдында тұр дейді арызданушылар.   

-Өлместің күнін кешкен құс фабрикаларында əзірге жұмыс жүріп тұр. Бірақ, жақын күнде мемлекеттен көмек болмаса өндіріс қуатын 2 есеге азайтып, қызметкерлерді қысқартқаннан басқа амал жоқ дейді шаруашылық басшылығы.

Үміт Айымбетова, құс фабрикасының қызметкері:

-Біздің тауып отырған тамағымыз. Одан айырылып қалу оңай емес қой. Жұмыс табу қазір оңай емес. Үйімнің қасында. Өздері апарып алып келеді. Ондай жұмыстан ешкім айырылғысы келмейді ғой.

Ал, жергілікті билік пен құзырлы минстрлік мәселені шешудің орнына бір-біріне сілтеп, үнемі меселімізді қайтарады дейді шарасы таусылған құс өссірушілер.  

Руслан Шəріпов, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті:

-Қазір  министрлікке барсаң  әкімдік шешеді дейді. Ақша соларда, ақшаны бердік дейді. Әкімдік Астанға сілтейді. 

Алайда, биыл Алматы облысы бойынша құс шаруашылығына 5 миллиард теңге бөлінді деген жергілікті атқамінерлер, қолда бар қаржыны теңдей үлестірдік деп ақталып отыр. 

Димаш Сыдықов, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Ауыл шарауашылық министрілігі, Қаржы министрлігі бәріне  хат жаздық. Қосымша қаражат керек деп. Жауап күтіп отырмыз. Жауап келіп, қосымша қаражат келсе  төлеп береміз. 

Қосымша қаражат жеткенше күніміз не болмақ деп алаңдағандар жем-шөптің бағасы да 30 пайызға шарықтады дейді. Бір қызығы, өзге өңірлерде бұл салаға бөлінетін субсидия уақытылы беріліп отырған көрінеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде