{metadescription}
Атырауда түрме бастығы парамен ұсталды
Атырауда түрме бастығы парамен ұсталды

Атырауда түрме бастығы парамен ұсталды

Атыраудағы 157/1 тергеу изоляторы бастығының міндетін атқарушысын парамен ұстады. Ол ауызбастырық үшін жазасын өтеушілерге колонияда қолайлы жағдай жасап келген.

Яғни, сотталғандарды қалаған уақытында туыстарымен жолықтырып, камера ішіне азық-түлік кіргізуге рұқсат берген. Сөйтіп, аз уақыт ішінде заңсыз жолмен 700 мың теңгені қалтаға басты деген күдікке ілініп отыр.  Сондай-ақ, жемқорлықпен күрес қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару комитетіне қарасты, Қаржы бөлімінің бастығын да ұстады. Мәліметтерге қарағанда ол «Азаматтық үкімет» корпарациясындағы сыбайластарымен бірігіп, зейнетке шыққан полицейлерден пара алып келген. Оларға жоғары көлемдегі зейнетақы тағайындап отырыпты. Бұдан бөлек, Ақмола облыстық әкімдігінің лауазымды қызметкері де бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Туризм басқармасының бастығы кәдесыйларға бөлінген ақшаны жеген болуы мүмкін.

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Ол 2018 жылы қарашада жалған есептен шығару актілерін жасау арқылы, кәде сыйларды сатып алуға бөлінген жалпы соммасы 8,5 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырды деп күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде