{metadescription}
Қаржы министрлігі кедендегі контрабандаға қатысты мәлімдеме жасады
Қаржы министрлігі кедендегі контрабандаға қатысты мәлімдеме жасады

Қаржы министрлігі кедендегі контрабандаға қатысты мәлімдеме жасады

Қаржы министрлігі кедендегі контрабандаға қатысты мәлімдеме жасады. Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер бұл салада бейберекетсіздік барын мойындап отыр. Бірақ бұған дұрыс жүргізілмейтін статистика кінәлі дейді. Олардың айтуынша, Қазақстанға транзитпен кіргізілген тауардың басқа мемлекетке жіберілгені мүлдем есепке алынбайды екен.

Олжас Отар, ҚР мемлекеттік кіріс комитеті жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы:

Мысалы, Қазақстанға келіп кірді Қытайдың тауары. Бірақ ол тарнзитпен  Ресейге басқа жаққа өтіп кетеді. 100 айфон кірді мысалы. Бірақ, ол шын мәнінде Қазақстанның жерімен Ресейге өтіп кетті. Көрдіңіз бе? Ал сіз ойлайсыз Қазақстанға келген айфон қайда? Неге бұлай болды деп.

Айта кетейік, кеше санатор Дариға Назарбаева «Transparency Kazakhstan» қоры жүргізген зертттеуге сүйеніп, Қазақ-Қытай шекарасына қатысты деректерді жариялаған еді. Яғни, кеденшілер импорттық, әсіресе, Қытайдан келетін тауардың көлемін жасырып қалатынын айтты. Әрі кәсіпкерден пара алғанымен қоймай, оларды салықтан босататынын да қатаң сынаған болатын. Ал Қаржы министрлігі бекеттерде ұсақ-түйек жемқорлықтың барын ғана мойындап отыр. Мәселен, биыл 40-тан астам кеденші пара үшін істі болып, жұмыстан қуылған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде