{metadescription}
Жамбылда тұрғындарға жала жапқан полицейлер сотталды
Жамбылда тұрғындарға жала жапқан полицейлер сотталды

Жамбылда тұрғындарға жала жапқан полицейлер сотталды

Жамбылда жергілікті екі тұрғынға ірі көлемде есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деп жала жапқан полицейлерге сот үкімі шықты. Алайда 7 адамға үш бап бойынша айып тағылғанымен тек біреуі ғана дәлелін тапқан. Сөйтіп, қызмет бабын асыра пайдалағандар 1 жылдан 3 жылға дейін шартты мерзімге сотталды.

Ерғазы Тілеубеков, судья:

- Бұрын сотты болмағандарын жанұясының табыс көздері екенін ескердік.  Асырауында кәмілетке толмаған балалары бары ескеріліп, сот оларға бас бостандығынан айырылмайтындай етіп жаза тағайындады.

Бұл оқиға Байзақ ауданының құмды алқабында болған. Жеті полицей 730 келі кептірілген марихуанамен екі азамтты қолға түсірдік деп жар салған. Алайда, ұсталғандар тәркіленген тауар көлемі көп мөлшерде емес, небәрі бес келі болатын деп тәртіп сақшыларының үстінен шағым түсіреді. Сөйтіп жазылған арыз бойынша полицейлерге қатысты заңсыз ұстау, іс құжаттарын құрастыру және қызмет бабын асыра пайдалану сынды баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған. Даулы іс сотта алты ай бойы қаралды. Шартты мерзімге сотталғандар қызметтерінен қуылып қана қоймай, шендерінен де айырылды. Ал 40 пен 50 жастағы екі жәбірленуші бұл істе ақталып шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.