{metadescription}
Астаналықтар жеп жүрген азықтан жұқпалы бактерия табылды
Астаналықтар жеп жүрген азықтан жұқпалы бактерия табылды

Астаналықтар жеп жүрген азықтан жұқпалы бактерия табылды

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сауда сөрелеріндегі тағамдарды тескеріп, бірқатарының құрамынан сальмонелла мен ішек таяқшасын тапқан.

Сынама алынған 374 түрлі тағамның 130-ында жұқпалы вирус бар екен. Мәселен, Беларустың «Смолевичи Бройлер»  фирмасы өндірген  балапан етінен сальмонелла, «Respect» компаниясының сэндвичтерінен ішек таяқшалары табылған. Ал «Gajjals Tea Gold»  шайі тіпті  көгеріп кеткен. Ресейдің «Орел продукт», «Знатные продукты» компаняиларының ет консервілерінен, «Восточные» шұжығының  неден жасалғаны, құрамы мүлдем жазылмаған дейді мамандар. 

Сәдуақас Байғабылов, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

-11 айда 4 тонна азық-түлік тәркіледік. Заңсыз жұмыс сітеген кәсіпкерлерге 11 миллион теңге айыппұл салынды. Өндірушілер тағамның құрамында ГМО барын жасырған. Мәселен, «Метро» сауда орталығында Бангкокта шығарылған соя сүтінен қоспалар анықталды. Бұл өнімді сатылымнан алып тастау туралы шешім шығардық. Және айыппұл салынды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде