{metadescription}
Қасымов Ақтаудағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады
Қасымов Ақтаудағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

Қасымов Ақтаудағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

Ақтауда екі адамның өмірін жалмаған жарылыстың себебі әлі анықталып жатыр. Дәл қазіргі ақпарат бойынша, темір-терсек қабылдау орнында белгісіз зат жарылған. Ал оның қатты болғаны сонша, қаланы дүрліктіріп жіберді. Сондай-ақ, оқыс оқиға салдарынан тағы үш  адам жараланды.   

Бүгін мұнда, әрине, темір-терсек өткізуге мүмкіндік жоқ. Тәртіп сақшылары жарылыс болған базаны қоршауға алған. Оқиға орнына бірінші боп жеткен «Арлан» арнайы жасағы бастапқыда танк снаряды жарылды деп мәлімет таратқан. Өйткені темір-терсектен басқа бұл жерден бақандай 11 дана жарылғыш зат табылыпты. Алайда Қасымов көп ұзамай қол астындағы қызметкерлерінің сөзін теріске шығарды.     

Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:

Слухи о гранате подтвердились?

- А какой? Нет еще! Мы сейчас ни гранат, ни снаряд не подтверждаем! Воронки нет. То есть мы сейчас будем устанавливать.

Ал жарылыстан екі адам мерт болып, үшеуі ауыр жарақаттанған. Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, төрт жігіт айдаладан алты қап металл жинап әкеліпті. Соны түсіріп жатқанда, кенеттен жарылыс болған. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа сол белгісіз заттар себепкер. Ал әскери снарядтардың оқиғаға қатысы жоқ. Дегенмен, дәрігерлердің дерегі басқа.  

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Бәрі де жарықшақпен жараланған. Одан бөлек миы шайқалған. Қазір үшеуі травматология бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы аса ауыр. Дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр. 

Сондай-ақ, әуеден түсірілген мына кадрларда снарядқа ұқсас заттардың екі қатар боп тізіліп жатқаны көрініп тұр. Әйтсе де, бұл жайтты әскерилер растамады.   

Жансая Омарқызы, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметкері:

- Тергеу анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан ресми түрде қандай да бір мәлімет айта алмаймын. Құзырлы органдар бәрін анықтап жатыр.

Әзірге белгілісі, қауіпті металлды қабылдағандардың рұқсат қағазы болмаған. Ал ғимаратты жергілікті кәсіпкердің бірінен жалға алыпты. Дегенмен, бұл оқиғаға қатысты әлі ешкім  қамауға алынбаған.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.